О внесении изменения в решение Буландынского районного маслихата от 16 февраля 2021 года № 7С-7/1 «Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Буландынском районе» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.05.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Бұланды аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Бұланды аудандық мәслихатының «Бұланды ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшерін және тәртібін айқындау туралы» 2021 жылғы 16 ақпандағы № 7С-7/1 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8367 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген шешімнің косымшасында: 7- тармақ жаңа редакцияда баяндалсын: «7. Телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтер өтемақысы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүргізіледі.».
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.