О внесении изменений в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 16 сентября 2022 года № 3144 «Об утверждении Положения о государственным учреждении «Отдел культуры и развития языков города Усть-Каменогорска» Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 3144 « Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 3144 «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеде: 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Бөлімнің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігімен бекітіледі.». 15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «15. Функциялар: 1) қаланың музыка, кітапхана ісі, мәдени-сауық саласындағы коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметіне қолдау көрсету және үйлестіруді жүзеге асыру; 2) мәдени құндылықтарды есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру; 3) қаланың сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдар және конкурстар өткізуді жүзеге асыру; 4) қаланың коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу; 5) өз құзыретi шегiнде мәдениет саласындағы коммуналдық меншiктi басқаруды жүзеге асыру; 6) қаланың мәдени мақсаттағы объектiлерiн салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады; 7) коммуналдық мемлекеттік мәдениет ұйымдарын материалдық-техникалық қамтамасыз етуде ықпал ету және қолдау; 8) қаланың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру; 9) бюджет қаражаты шегінде балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық үйірмелерін қаржыландыруға мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бекіту; 10) мемлекеттік шығармашылық тапсырыстың көрсетілетін қызметтерін берушілердің меншік нысанына, ведомстволық бағыныстылығына, типтері мен түрлеріне қарамастан, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерінде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыруды қамтамасыз ету; 11) мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастырудың, оның сапасын бақылаудың және нысаналы игерілуінің барлық кезеңдері мен рәсімдерінің электрондық және жалпыға қолжетімді форматтарда орындалуын қамтамасыз ету; 12) қаланың аумағында орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асырады және жергілікті атқарушы органына ақпаратты, сондай-ақ белгіленген нысандағы статистикалық есептерді ұсынады; 13) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени салт-дәстүрлерді дамытуға жәрдемдесу; 14) жұртшылықты тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтау және кеңінен таныту жөнiндегі iс-шараларды жүргiзуге тарту; 15) облыстың жергiлiктi атқарушы органына немесе уәкiлеттi органға өздерінің құзыреті шегiнде тарих және мәдениет ескерткiштерiнiң бүлiнуiн, бұзылу қатерін жою туралы хабар беру; 16) тарихи-мәдени мұра объектілерін жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы ұсыныстар енгізу; 17) маңдайшаны қалада орналастыру туралы хабарламаларды Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асыру; 18) мемлекеттік және басқа да тілдерді дамытуға бағытталған қалалық деңгейдегі іс-шараларды өткізу; 19) облыстың атқарушы органдарына ауылдардың атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын халықтың пiкiрiн ескере отырып, өзгерту туралы ұсыныстар енгiзу; 20) қаладағы, алаңдардың, даңғылдардың, желекжолдардың, көшелердiң, тұйық көшелердiң, саябақтардың, скверлердiң, көпiрлердiң және қаланың басқа да құрамды бөлiктерiнiң атауы және оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын өзгерту жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету; 21) заңды тұлғаларға қоғамдық-мәдени бұқаралық іс-шараларда фейерверктерді қолдануға заңнамада белгіленген тәртіппен рұқсат беру; 22) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау: Қазақстан Республикасының мәдениет туралы заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін; мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бұзғаны үшін; Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы заңнамасын бұзғаны үшін; 23) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау, істерді қарау және әкімшілік жазалар қолдану; 24) мекеменің құзыреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу; 25) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.»; 18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттіктері: 1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес Бөлім қызметінің мәселелерін шешеді; 2) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады; 3) Бөлім қызметкерлерінің өкілеттіктерін анықтайды; 4) барлық ұйымдарда Бөлімінің мүдделерін ұсынады; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады; 6) Бөлімнің құрылымын дербес айқындайды; 7) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.»; қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «2. «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі: 1) осы қаулыны Өскемен қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.».
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.