О внесении изменения в постановление акимата города Усть-Каменогорска от 16 сентября 2022 года № 3144 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел культуры и развития языков города Усть-Каменогорска» Қолданыста
Басқа 0
Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 3144
«Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы»
қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Өскемен қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 3144 «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тармақ 12
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Тармақ 12
«12. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Бөлімге заңдармен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.».
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
Тармақша 1
1) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Өскемен қаласы әкімінің интернет ресурсында орналастыруды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Өскемен қаласы әкімінің
жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.