О внесении изменений в совместное постановление акимата района Тереңкөл от 16 ноября 2022 года № 324/8 и решение маслихата района Тереңкөл от 16 ноября 2022 года № 2/30 «Об установлении границ (черты) населенных пунктов района Тереңкөл» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8 және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 2/30 «Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне өзгерістер енгізу туралы Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Тереңкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Тереңкөл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 324/8 және Тереңкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 16 қарашадағы № 2/30 «Тереңкөл ауданы елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30808 болып тіркелген) бірлескен қаулысы мен шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін: 2-тармақта: ауылды таратуына байланысты «ауданы 1217,0 гектар Луговое ауылы» сөздері жойылсын; «1995,0» деген сандар «3212,0» деген сандармен ауыстырылсын; 7-тармақта: ауылды таратуына байланысты «ауданы 1057,0 гектар Новоспасовка ауылы» сөздері жойылсын; «4076,0» деген сандар «5133,0» деген сандармен ауыстырылсын; 11-тармақта: «6954,7» деген сандар «6339,14» деген сандармен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Әкімдіктің осы бірлескен қаулысының және мәслихат шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және аудандық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.