О внесении изменений в приказы исполняющего обязанности Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 16 февраля 2022 года № 60 «Об утверждении Правил допуска поставщиков товаров и (или) услуг на портал социальных услуг, их регистрации или снятия с регистрации на портале социальных услуг» и Министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан от 24 февраля 2022 года № 73» «Об утверждении Правил использования портала социальных услуг» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығына және «Әлеуметтік қызметтер порталын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 24 ақпандағы № 73 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі міндетін атқарушының 2022 жылғы 16 ақпандағы № 60 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына, 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 1-тармағының 9-4) тармақшасына, 32-2-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тауарлардың және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу және тіркеу немесе оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталынан тіркеуден шығару тәртібін айқындайды.» 2-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын; 3-тармақтың екінші бөлігі мынандай редакцияда жазылсын: «Порталда «Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 502 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26087 болып тіркелген) бекітілген Мүгедектігі бар адамдарға ұсынылатын техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдардың, арнаулы жүріп-тұру құралдарының және көрсетілетін қызметтердің сыныптауышында көрсетілген ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарын (бұдан әрі – тауарлар) жүзеге асыратын өнім берушілер, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді және арнаулы әлеуметтік қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) ұсынатын өнім берушілер авторизацияланады.»; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Порталда Заңның 32-2-бабының  талаптарына сәйкес келетін өнім берушілер тіркеледі.»; 10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың комиссиясы ОТҚ, арнаулы жүріп-тұру құралдарын, ымдау тілі маманының және жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін, санаторий-курорттық емдеуді, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын өнім берушілердің деректерін қарайды.»; 16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын; «4) Заңның 32-2-бабына  сәйкес келмеуі себептерін көрсете отырып, «Бас тартылған» деген өтініштің мәртебесі көрсетіледі.». 17-тармақтың төртінші абзацы алып тасталсын; көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйке жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Н.Е. Сағындықоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. КЕЛІСІЛДІ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Басқа 0. Хаттама 20___жылғы __ ___________№ ____
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 21 бұйрығына қосымша Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларына 2-қосымша Нысан Хаттама 20___жылғы __ ___________№ ____ Комиссия________________________________________________________ әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына кіруге және тіркеуге арналған өтінішті қарап, өнім берушінің толық атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) атауы ________________________________________________________________ өнім берушінің Бизнес сәйкестендіру нөмірі/ Жеке сәйкестендіру нөмірі___________________________________________ өнім берушінің қызмет түрі ________________________________________ мынадай шешім шығарды: тіркеуге рұқсат беру туралы; мынадай себеп бойынша бас тарту туралы: өнім беруші енгізген Тауарларды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді берушілерді әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталына жіберу, оларды әлеуметтік көрсетілетін қызметтер порталында тіркеу немесе тіркеуден шығару қағидаларының 7-тармағында көрсетілген мәліметтердің дәйексіздігі; ұсынылған құжаттарда қажетті деректемелердің болмауы; уәкілетті адамның қолымен куәландырылған және мөрмен (бар болса) бекітілген түзетулерді қоспағанда, ұсынылған құжаттарда анық емес және түсініксіз жазбалардың, анық өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздердің, шифрланбаған қысқартулардың, түзетулердің болуы; «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-2-бабына сәйкес келмеуі. _____________________ (комиссия мүшесінің шешімі) Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды _______________________________________ (комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________ (комиссия мүшесінің шешімі) Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды _______________________________________ (комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _____________________ (комиссия төрағасының шешімі) Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды _______________________________________ (комиссия төрағасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Электрондық цифрлық қолтанбамен куәландырылды _______________________________________ (комиссия хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)