О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 16 октября 2023 года № 57/01 «О компенсации расходов за питание детей дошкольного возраста из семей социально уязвимых слоев населения в дошкольных организациях области Ұлытау» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №57/01 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Ұлытау облысының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Тармақ 1
1. «Ұлытау облысы мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал топтағы отбасылардан шыққан мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыру шығыстарын өтеу туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2023 жылдың 16 қазанындағы №57/01 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №60-20 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың 3) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын: «3) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға;».
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.