О внесении изменения в постановление акимата Актюбинской области от 16 марта 2023 года № 67 «Об утверждении Правил применения поощрений государственных служащих местных исполнительных органов и исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета Актюбинской области» Күшін жойған
Басқа 0
«Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 16 наурыздағы № 67 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8316 тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ақтөбе облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге 2-тармақта көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып бір рет қана қолданылуы мүмкін.».
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.