О внесении изменений в решение Астраханского районного маслихата от 16 января 2023 года № 7С-36-4 «Об избрании членов окружных избирательных комиссии Астраханского района» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С-36-4 «Астрахан ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына 3 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1 - тармағына сәйкес, Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссияның 2026 жылғы 22 сәуірдегі №23/47 қаулысының негізінде, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Астрахан аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С-36-4 «Астрахан ауданының округтік сайлау комиссияларының құрамын сайлау туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) Толғанайқызы Айнұрдың орнына, № 1 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып, «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалымен ұсынған Кенжетаева Қорлан Сембайқызы сайлансын;
Тармақша 2
2) Нұралина Лейла Сағатқызының орнына, № 3 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып, «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалымен ұсынған Рахимжанова Роза Дастенқызы сайлансын;
Тармақша 3
3) Миннуллина Аурика Фаизовнаның орнына, № 10 округтік сайлау комиссиясының мүшесі болып, «Aқ жол» Қазақстан демократиялық партиясы» Ақмола облыстық филиалымен ұсынған Жүсіпова Сайран Галымқызы сайлансын;
Тармақ 2
2. Осы шешімнің көшірмесі Астрахан аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жіберілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.