О признании утратившим силу решения Каратальского районного маслихата от 16 февраля 2024 года № 18-68 «О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога по Каратальскому району» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Қаратал ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Қаратал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 18-68 шешімінің күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. «Каратал ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Каратал аудандық мәслихатының 2024 жылғы 16 ақпандағы № 18-68 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №141-19 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.