О внесении изменений и дополнения в постановление акимата города от 16 июля 2024 года № 264 «О расширении категории получателей услуг инватакси» Қолданыста
Басқа 0
Қала әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 264 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Арқалық қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Арқалық қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 16 шілдедегі № 264 «Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы» қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-тармақшамен толықтырылсын:
«7) Арқалық қаласы аумағында гемодиализ алатын «Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі (СБЖ) V сатысы (терминалдық)» диагнозы бар тұлғалар инватакси қызметін алушылардың санатымен кеңейтілсін»;
мынадай мазмұндағы 1-2. тармақпен толықтырылсын:
«1-2. Жұмыс істемейтін мүгедектігі бар адамдар үшін ай сайынғы жол жүру сағаттарының саны 15 сағатқа дейін ұлғайтылсын, яғни қосымша 9 сағат берілсін».
Тармақ 2
2. «Арқалық қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
Тармақша 2
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Арқалық қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Арқалық қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.