О внесении дополнений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 16 августа 2024 года № 51 «Об утверждении Правил урегулирования коллекторскими агентствами задолженности физических лиц» Мәртебесі расталмаған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.07.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34952 болып тіркелген) (бұдан әрі – қаулы) мынадай толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларында (бұдан әрі – Қағидалар): мынадай мазмұндағы 4-3 және 4-4-тармақтармен толықтырылсын: «4-3. Банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын екі және одан да көп кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде (ломбардтарды қоспағанда), банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтары берілген коллекторлық агенттіктер (бұдан әрі - кредиторлар), мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманы қызметінің жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы. Берешекті ұжымдық реттеу деп қарыз алушының банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі немесе одан көп кредитор алдындағы кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар мен тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешегін реттеуге осы барлық кредитордың қатысуын көздейтін сотқа дейінгі реттеу рәсімі түсініледі. Берешекті ұжымдық реттеу «Банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын, қарыз алушы жеке тұлғаның банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтінішіне қоса берілетін құжаттардың тізбесін, сондай-ақ банктің және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның, уәкілетті органның қарыз алушы жеке тұлғалардың банктік қарыз шартының және микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізу туралы өтініштерін қарау нәтижелері туралы уәкілетті органға хабарлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2026 жылғы 28 сәуірдегі № 83 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38583 болып тіркелген) көзделген тәртіппен және талаптармен жүзеге асырылады. Осы тармақтың мақсаттары үшін тұтынушылық кредит деп «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 34) тармақшасына сәйкес тұтынушылық банктік қарыз және «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 7-2) тармақшасына сәйкес тұтынушылық микрокредит түсініледі. 4-4. Ұжымдық реттеуге жататын берешектің өлшемшарттары: 1) банктер, микроқаржы ұйымдары не коллекторлық агенттіктер болып табылатын екі және одан да көп кредитор алдындағы кепіл мүлкімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша мерзімі өткен берешек қатарынан күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен асады; 2) қарыз алушының берешегі берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш берудің алдындағы 12 (он екі) ай ішінде ұжымдық реттеу рәсімінің мәні болмаған; 3) қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу туралы өтініш берген күні «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен қарыз алушыға қатысты төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот банкроттығы рәсімін қолдану туралы қозғалған істің болмауы. Берешекті ұжымдық реттеу рәсіміне қатысушылар болып табылатын кредиторлардың талаптары бойынша берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актілерінің не нотариустың атқарушылық жазбаларының, сондай-ақ олардың негізінде қозғалған атқарушылық істің болуы қарыз алушының атқарушылық әрекеттер жасау шығыстарын төлеген және жеке сот орындаушысы қызметінің ақысын төлеген жағдайда, оны көрсетілген рәсімге жіберуге кедергі болмайды.».
Тармақ 2
2. Іс-қимылды қадағалау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 3
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қағидалардың 4-3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін: «4-3. Банктер, микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдар болып табылатын екі және одан да көп кредиторлар алдында мерзімі өткен берешегі болған кезде (ломбардтарды қоспағанда), банктік қарыз шарты бойынша немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша талап ету құқықтары берілген коллекторлық агенттіктер (бұдан әрі - кредиторлар), мүлік кепілімен қамтамасыз етілмеген тұтынушылық банктік қарыздар және тұтынушылық микрокредиттер бойынша қарыз алушы берешекті ұжымдық реттеу үшін қаржы омбудсманы қызметінің жанында жұмыс істейтін ұжымдық реттеу платформасы арқылы жүгінуге құқылы.».