О внесении изменения в постановление акимата области Ұлытау от 16 января 2025 года № 05/01 «Об утверждении Методики определения стоимости услуг, закупаемых для осуществления государственного заказа по проведению государственной информационной политики на территории области Ұлытау» Қолданыста
Басқа 0
«Ұлытау облысының аумағында
мемлекеттік ақпараттық саясатты
жүргізу жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты жүзеге асыру үшін
сатып алынатын көрсетілетін
қызметтер құнын айқындаудың
әдістемесін бекіту туралы»
Ұлытау облысы әкімдігінің
2025 жылғы 16 қаңтардағы
№ 05/01 қаулысына
өзгеріс енгізу туралы
Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Ұлытау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесін бекіту туралы» Ұлытау облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 қаңтардағы № 05/01 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыдағы қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі
осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Басқа 0. Ұлытау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы
Ұлытау облысының әкімдігінің
2026 жылғы «22» қаңтар
№ 06/01 қаулысына
қосымша
Ұлытау облысының әкімдігі
2025 жылғы «16» қаңтардағы
№ 05/01 қаулысына қосымша
Ұлытау облысының аумағында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы
№
Қызметтің атауы
Өлшем бірлігі
Базалық баға қосылған құн салығын қосқанда (теңге)
1
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттерде) орналастыру (Bn)
см2
1500
2
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды мерзімді баспасөз басылымдарында (журналдарда) орналастыру (Bm)
см2
627,2
3
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды интернет-ресурста орналастыру (Bi)
символ
150
4
Ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналар эфирінде, телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv
минут
637 910
5
Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Ұлытау облысының аумағында телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналардың тізбесіне кіретін телеарналардың эфирінде ақпараттық материалдарды әзірлеу (дайындау және құру) және оларды телевизияда (сюжеттер, бағдарламалар) орналастыру (Btv)
минут
16800
6
Ақпараттық бағдарламалар мен аудиороликтерді әзірлеу (дайындау және құру) және радиода орналастыру (Br)
минут
17 500