О приостановлении действий некоторых норм структурных элементов приказа исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 16 мая 2025 года № 152 «Об утверждении разрешительных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, форм заявлений для получения разрешения второй категории, форм разрешений второй категории, правил осуществления разрешительных процедур и правил осуществления деятельности операторов технического осмотра» Қолданыста

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 бұйрығының кейбір нормаларының қолданысын тоқтата тұру туралы «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 46-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Рұқсат беру талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін, екінші санаттағы рұқсат алу үшін өтініш нысандарын, екінші санаттағы рұқсат нысандарын, рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру қағидаларын және техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 мамырдағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36132 болып тіркелген) 1-қосымшаның 3-тармағының он екінші абзацының және көрсетілген бұйрықпен бекітілген Техникалық қарап-тексеру операторларының қызметін жүзеге асыру қағидаларына 2-қосымшаның реттік нөмірі 14-жолының қолданылуы 2027 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі