Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление туризма области Жетісу» и внесения изменения в постановление акимата области Жетісу от 16 мая 2025 года № 153 «Об утверждении положений государственных учреждений области Жетісу» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту және «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 38, 40, 41, 42-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 12-қосымшасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 3
3. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы», «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемелері заңнамамен белгіленген тәртіпте Ережелерді аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, қайта тіркеуді жүргізсін және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Басқа 6
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» __________ № _____ қаулысына 1-қосымша «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Абылай хан көшесі, №113.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жетісу облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және оны дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау;
Тармақша 2
2) туристік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруды қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; Қазақстан Республикасына қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзгеде құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) Жетісу облысы аумағында туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады және үйлестіруді жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) туристік қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және Жетісу облысы аумағында туризмнің дамуы туралы қажетті мәліметтерді уәкілетті органға ұсынады;
Тармақша 4
4) облыстық туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлейді және енгізеді;
Тармақша 5
5) Жетісу облысы аумағында туристік индустрия объектілерін жоспарлау және салу жөніндегі қызметті үйлестіреді;
Тармақша 6
6) балалар мен жастар лагерьлерінің, туристер бірлестіктерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
Тармақша 7
7) туристік қызмет субъектілеріне туристік қызметті ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
Тармақша 8
8) халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту шарасы ретінде туристік қызмет саласындағы кәсіпкерлікті дамытады және қолдайды;
Тармақша 9
9) туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм объектілеріне мен туристік қызметті жүзеге асыратын тұллғалар туралы ақпаратты береді;
Тармақша 10
10) туристік ақпарат орталығын құрады және қызметін үйлестіреді;
Тармақша 11
11) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес туроператорлық қызметті лицензиялауды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) гидтерді кәсіптік даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 13
13) уәкілетті органмен келісу бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді;
Тармақша 14
14) туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімін жүргізеді;
Тармақша 15
15) Жетісу облысының аумағында туризм инфрақұрылымын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, туристің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын объектілерді салу мен дамыту бойынша шаралар қабылдайды;
Тармақша 16
16) туризмді дамытуға туристік қызмет субъектілері үшін жағдайлар жасайды;
Тармақша 17
17) туризм саласындағы бірлескен қызметті іске асыру шеңберінде тікелей шарт жасасу арқылы туристік ақпараттық орталықтарды қаржыландырады;
Тармақша 18
18) туристік қызмет объектілерін салу, қайта жаңарту кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 19
19) кәсіпкерлік субъектілерінің жол бойындағы сервис объектілерін салу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 20
20) туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргізушінің орнын қоспағанда, сегізден астам отыратын орны бар автомобиль көлік құралдарын сатып алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтейді;
Тармақша 21
21) кәсіпкерлік субъектілерінің тау шаңғысы курорттарына арналған жабдықтар мен техника сатып алу бойынша шығындарының бір бөлігін өтейді;
Тармақша 22
22) әрбір шетелдік турист үшін келу туризмі саласындағы туроператорлардың шығындарын субсидиялайды;
Тармақша 23
23) кәсіпкерлік субъектілерінің санитариялық-гигиеналық тораптарды күтіп-ұстауға арналған шығындарының бір бөлігін субсидиялайды;
Тармақша 24
24) уәкілетті органмен келісу бойынша күтіп-ұсталуы кезіндегі шығындардың бір бөлігі өтелетін санитариялық-гигиеналық тораптардың тізбелерін бекітеді;
Тармақша 25
25) елді мекендерден тыс жердегі туристерді орналастыру орындарына дейін облыстық және аудандық маңызы бар кірме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі мәселелерге бастамашылық жасайды;
Тармақша 26
26) жер пайдалану құқығын не жеке меншік құқығын бермей, жануарлардың өріс аудару жолдары ескеріле отырып, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы туризм объектілеріне, сондай-ақ елді мекендерден тыс жердегі туризм объектілеріне және туристерді орналастыру орындарына дейін инженерлік инфрақұрылымды (жолдарды, көпірлерді, электр беру желілерін және басқа да коммуникацияларды) жобалауды, салуды және оларға қызмет көрсету жөніндегі мәселелерге бастамашылық жасайды;
Тармақша 27
27) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамытады;
Тармақша 28
28) өз құзыреті шегінде Жетісу облысы бойынша жиынтық ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 29
29) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) жетекшілік ететін салалардағы көрсеткіштерге мониторингті, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
Тармақша 31
31) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 32
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Басқарма орынбасарлары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшыларын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 21
21. Басқармада заңнамада көзделген  жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Жетісу» туристік ақпараттық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Басқа 80
Жетісу облысы әкімдігінің 2025 жылғы «___» __________ № _____ қаулысына 2-қосымша «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Жетісу облысының аумағында кәсіпкерлік, сауда, индустриялық-инновациялық даму және жер қойнауын пайдалану салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, №26.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік органның толық атауы: «Жетісу облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 14
14. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
Тармақша 2
2) Жетісу облысының инвестициялық ахуалын жақсарту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 3
3) заңнамаға сәйкес жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүргізу;
Тармақша 4
4) мемлекеттік сауда саясатын жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүргізу, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған келісімшарттардың орындалуын және қолданылуын тоқтатуды қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу; облыс бойынша арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуін үйлестіруді қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақша 2
2) міндеттері: Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау; өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын орындау; сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыстар жасауға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды іске асыру;
Тармақша 2
2) облыс экономикасын дамыту және қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту мен жаңартуға инвестицияларды ынталандыру үшін инвестицияларды қолдау, қолайлы инвестициялық ахуал жасау жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) өңірде шағын және орта бизнес үшін инфрақұрылым объектілерін, сондай-ақ индустриялық аймақтар мен өнеркәсіптік алаңдарды құруды және дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде сауда қызметі субъектілерінің қызметін реттеуді жүзеге асыру;
Тармақша 5
5) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларын іске асыру;
Тармақша 7
7) облыстың сыртқы сауда қызметі мәселелерін реттеуді қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары белгіленген жағдайда, олардың мөлшерінің сақталуына мониторинг жүргізу;
Тармақша 9
9) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту;
Тармақша 10
10) стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту;
Тармақша 11
11) көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастыруды жүзеге асыру;
Тармақша 12
12) стандарт талаптарына сәйкес келтіру бойынша жол бойындағы сервис объектілерінің мониторингі;
Тармақша 13
13) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің қызметін және өңірлік үйлестіру кеңесінің отырыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 14
14) өңірдің кәсіпкерлікті қолдау картасы жобаларының іске асырылуын мониторингілеу;
Тармақша 15
15) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың жұмыс істеуі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 16
16) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану және кен іздеушілік құқығын беру;
Тармақша 17
17) жер қойнауын пайдаланушылардың кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге, кен іздеушілікке лицензиялар шарттарын сақтауын бақылау және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру жөніндегі операцияларды жүргізуді мемлекеттік бақылау;
Тармақша 18
18) жер қойнауын пайдаланушылардың кен іздеушілік лицензиясында және Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінде көзделген кен іздеушілік шарттарын сақтауын бақылау;
Тармақша 19
19) кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруге берілген лицензиялар және кен іздеушілікке берілген лицензиялар туралы ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 20
20) жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестердің және Жетісу облысында кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша тікелей келіссөздер жүргізу жөніндегі жұмыс тобының отырыстарын ұйымдастыру;
Тармақша 21
21) облыс аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыру, облыстың тауар өндірушілері имиджін ілгерілету;
Тармақша 22
22) облыстың көмір қорлары, баға мен көмір базаларының мониторингі;
Тармақша 23
23) облыс бойынша индустриялық-инновациялық қызмет саласындағы салалық бағдарламалардың іске асырылуын үйлестіруді қамтамасыз ету;
Тармақша 24
24) азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларын орындау бойынша облыстық сауда және тамақтану қызметінің жұмысын ұйымдастыру;
Тармақша 25
25) заңды тұлғалардың түсті және қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру;
Тармақша 26
26) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамыту инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
Тармақша 27
27) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шарт жасасу;
Тармақша 28
28) құрылуына мемлекеттік емес заңды тұлға қатысатын республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясымен уәкілетті органмен келісу бойынша республикалық маңызы бар индустриялық аймақтың басқарушы компаниясының функцияларын тиісінше орындауы жөніндегі шарт жасасу;
Тармақша 29
29) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту;
Тармақша 30
30) өз құзыреті шегінде Жетісу облысы бойынша жиынтық ашық деректерді ашық деректердің интернет-порталында орналастырады және өзектендіруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 31
31) жетекшілік ететін салалардағы көрсеткіштерге мониторингті, талдауды және болжауды жүзеге асырады;
Тармақша 32
32) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын әзірлеуге және іске асыруға қатысады;
Тармақша 33
33) облыс бойынша ғылымды дамытудың басым бағыттарын үйлестіреді және айқындайды және өңірде іске асырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды ұйымдастырады;
Тармақша 34
34) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында ұсыныстар әзірлеуге және мемлекеттік саясатты іске асыруға, өңірде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жөніндегі жұмысты үйлестіруге қатысады;
Тармақша 35
35) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты тиісті аумақта жүргізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 36
36) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын қаржыландыру үшін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің гранттары мен инвестицияларын тарту бойынша жәрдем көрсетеді, оларды қоса қаржыландыруға қатысады;
Тармақша 37
37) өнім шығаруды және (немесе) жаңа технологияларды ендіруді жүзеге асыратын бірлескен өндірістер құру мақсатында жеке кәсіпкерлік, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады;
Тармақша 38
38) жеке кәсіпкерлік (оның ішінде шетелдік субъектілердің), квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерімен өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ету үшін облыстарда, республикалық маңызы бар қалалар мен астанада ғылым жөніндегі кеңестерді құрады;
Тармақша 39
39) қызметі ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру (практикада қолдану) болып табылатын заңды тұлғаларды, оның ішінде стартап-компанияларды құруға және (немесе) олардың жарғылық капиталына қатысады;
Тармақша 40
40) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 41
41) уәкілетті органмен және салалық уәкілетті органдармен бірлесіп, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды әдістемелік қамтамасыз етуге қатысады;
Тармақша 42
42) ғылымды дамытудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 43
43) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар әзірлеуді және олардың іске асырылуын жүзеге асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 44
44) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде орындалған қолданбалы ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар жөніндегі есептерді бекітеді;
Тармақша 45
45) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 17
17. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымынан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 20
20. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде Басқарма орынбасарлары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
Тармақша 2
2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін, басқарма қарамағындағы ұйым басшыларын көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және құрылымдық бөлімшелердің Ережелерін бекітеді;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілікте болады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 21
21. Басқармада заңнамада көзделген  жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» өңірлік даму институты» акционерлік қоғамы;
Тармақша 2
2) «Zhetysu Invest» Жетісу облысының инвестициялар тарту жөніндегі өңірлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
Тармақша 3
3) «Қорғас-Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы;
Тармақша 4
4) «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы.