О внесении изменения в постановление акимата области от 16 мая 2025 года № 153 «Об утверждении положений государственных учреждений области Жетісу» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 153 қаулысына өзгеріс енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Жетісу облысы мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №153 қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Жетісу облысы әкімдігінің 2026 жылғы «___» __________ № ___ қаулысына қосымша «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Жетісу облысы аумағында ауыл шаруашылығы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарманың ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
Тармақ 5
5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Тармақ 6
6. Басқармаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 7
7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, № 26.
Тармақ 10
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
2-тарау. Басқарманың мақсаттары мен өкілеттіктері
Тармақ 13
13. Мақсаттары:
Тармақша 1
1) ауыл шаруашылығы саласында жаңа технологияларды енгізуге жәрдем ету;
Тармақша 2
2) ауыл шаруашылығы саласында индустриялық-инновациялық дамытуды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
Тармақша 4
4) тұқым, өсімдік, мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік реттеуді жүргізу;
Тармақ 14
14. Өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) құқықтары: мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу; жедел басқару құқығындағы мүлікті пайдалануды жүзеге асыру; заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шаралары бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу; заңнамада белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы шараларын өткізу бойынша жұмыстарды сатып алу шартын жасау және оның орындалуын бақылау;
Тармақша 2
2) міндеттері: қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде ауыл шаруашылық саласында басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі стратегиялық бағытты әзірлеу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 маусымдағы «Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредит беру және лизинг қағидаларын бекіту туралы» № 53 бұйрығына сәйкес облыстың ауылдық елді мекендері мен шағын қалаларында бюджеттік микрокредиттеуді іске асыру;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларға кредит беру қағидаларын бекіту туралы» № 322 бұйрығына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инвестициялық жобаларға кредит беру;
Тармақша 4
4) кооперация институтын дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 5
5) облыстың агроөнеркәсіптік кешенінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 7
7) «Агроөнеркәсіп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» және «Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні» іс-шараларын өткізу;
Тармақша 8
8) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 10
10) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 11
11) тұқым шаруашылығы субъектілеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;
Тармақша 12
12) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
Тармақша 13
13) облыс бойынша тұқымдар теңгерімін жасау;
Тармақша 14
14) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;
Тармақша 15
15) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;
Тармақша 16
16) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;
Тармақша 17
17) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 18
18) тиісті аумақта тұқым ресурстарының мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;
Тармақша 20
20) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 21
21) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негізінде: субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын; тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру;
Тармақша 22
22) астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырыру;
Тармақша 23
23) астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;
Тармақша 24
24) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу;
Тармақша 25
25) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;
Тармақша 26
26) астық қабылдау кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету бойынша қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлігінде алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұру;
Тармақша 28
28) астық қабылдау кәсіпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу, астықты сақтау, астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және өтелуі, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттік электрондық тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын сақтауын бақылау;
Тармақша 29
29) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
Тармақша 30
30) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру; 31) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;
Тармақша 32
32) «Астық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп-жөнелтуге тыйым салу;
Тармақша 33
33) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);
Тармақша 34
34) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;
Тармақша 35
35) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;
Тармақша 36
36) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;
Тармақша 37
37) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;
Тармақша 38
38) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 39
39) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша пестицидтерді залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 40
40) өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 41
41) арнайы сақтау орындарын (қорымдарды) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстауды және қолдануды ұйымдастыру;
Тармақша 42
42) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары саяқ көк қасқа шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі фитосанитариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 43
43) мыналар: пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау); пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу; пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті лицензиялау;
Тармақша 44
44) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізеді және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;
Тармақша 45
45) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 46
46) мемлекеттік карантиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;
Тармақша 47
47) уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің ұсынуы келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті аумақтарда карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу немесе оның күшін жою туралы шешім қабылдау;
Тармақша 48
48) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;
Тармақша 50
50) тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 51
51) басым дақылдар, оның ішінде көпжылдық екпелер өндірісін дамытуды субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 52
52) саны зиян тигізудің экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантинді объектілерге қарсы өңдеу жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 53
53) тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 54
54) облыстың агроөнеркәсіптік кешені саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру;
Тармақша 55
55) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 56
56) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлі есебінен өсіру үшін мал басын молықтыратын төл өсіру бойынша іс-шаралар әзірлеу;
Тармақша 57
57) мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс-шаралар әзірлеу;
Тармақша 58
58) республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу; 59) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 60
60) «міндеттемелердің орындалу мониторингі» бойынша бюджет қаражатын сот тәртібімен қайтару жөнінде шаралар қабылдайды;
Тармақша 61
61) мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау бойынша iс-шаралар әзiрлеу;
Тармақша 62
62) машина-технологиялық станциялар (сервис орталықтары) желiсiн дамыту және олардың қызметiнiң мониторингiн жүзеге асыру;
Тармақша 63
63) машина-трактор паркiн және технологиялық құрал-жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;
Тармақша 64
64) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;
Тармақша 65
65) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақытылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;
Тармақша 66
66) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шараларды қабылдау;
Тармақша 67
67) ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру;
Тармақша 68
68) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқару, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 69
69) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы мөлшерлемелерін әзiрлеу;
Тармақша 70
70) ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
Тармақша 71
71) мемлекеттiк меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарының есебiн жүргiзедi, иесiз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсiмдердi жүргiзу;
Тармақша 72
72) бассейіндік кеңестердің жұмысына және бассейіндік келісімге қатысу;
Тармақша 73
73) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 74
74) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн осы Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
Тармақша 75
75) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;
Тармақша 76
76) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;
Тармақша 77
77) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігін субсидиялау;
Тармақша 78
78) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту;
Тармақша 79
79) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылығы өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;
Тармақша 80
80) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;
Тармақша 81
81) суарудың су үнемдейтін технологияларын енгізуге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушінің шеккен шығыстарының бөліктерін субсидиялау;
Тармақша 82
82) агроөнеркәсіптік кешеннің және ауылдық аумақтардың жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;
Тармақша 83
83) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;
Тармақша 84
84) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;
Тармақша 85
85) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде өзінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;
Тармақша 86
86) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен Басқармаға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Басқарманы басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
Тармақ 17
17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
Тармақ 18
18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) Басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 2
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіліктерін анықтайды;
Тармақша 3
3) .Басқарма қызметкерлерін тағайындайды және лауазымдарынан босатады;
Тармақша 4
4). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлерін ынталандыруды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5). белгіленген заңнамалық тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жаза тағайындайды;
Тармақша 6
6). өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттарға қол қояды;
Тармақша 7
7) .Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
Тармақша 9
9) .Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді, бағдарламалардың жобаларын және басқа да құжаттардың орындалу барысын бақылайды;
Тармақша 10
10).Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша есептік материалдарды дайындау жөніндегі жұмысты бақылайды;
Тармақша 11
11).бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысын үйлестіреді;
Тармақша 12
12).белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызметтер мәселелерін шешеді, бюджеттік қаражаттардың тиімді және мақсатты орындалуын бақылайды;
Тармақша 13
13).Басқарманың қызметіндегі заңдылықтың, келісімшарт және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 14
14)..Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады. Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 20
20..Басқармада заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін. Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне берілген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23
23..Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Тармақша 1
1) «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Сарқанирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Тармақша 2
2) «Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Жетісу ирригация» шаруашылық жүргізу құқығындағы су шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.