О внесении изменений в приказ Заместителя Премьер-Министра – Министра национальной экономики от 16 мая 2025 года № 29 «Об утверждении Правил взаимоотношений местных бюджетов одного уровня друг с другом по совместному решению вопросов местного значения на территории агломерации, порядка составления и представления отчетности о реализации соглашения о совместном решении вопросов местного значения на территории агломерации и требований к содержанию соглашения о совместном решении вопросов местного Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.11.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидаларын, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібін және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Премьер-Министрдің орынбасары –Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 29 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібі және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы № 29 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: кіріспе мынадай редакцияда жазылсын: «Агломерацияларды дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары, агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау мен ұсыну тәртібі және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптарда (бұдан әрі – Қағидалар): 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (аудандық маңызы бар қалалар) әкімдерінің өтінішхаты тиісті агломерация аумағында жоспарланып отырған жобалар ескеріле отырып, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 дейін ұсынады.»; 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6. Келісімге өзгерістер және/немесе толықтырулар қажет болған жағдайда тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 дейін ұсынады.»; 8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «8.  Бастамашы өзара қарым-қатынастар туралы келісімнің жобасын және мәселені бірлесіп шешу қажеттігінің негіздемесін астананың, республикалық маңызы бар қаланың және елді мекендері агломерацияға кіретін облыстың басқа да жергілікті атқарушы органдарына жібереді. 9. Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің жобасы тиісті саланың орталық уәкілетті органына, сондай-ақ агломерацияларды дамыту жөніндегі уәкілетті органның қарауына жіберіледі.»; Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Өңірлік даму департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін жіберуді және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Басқа 0. Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі 2025 жылғы 4 қарашадағы № 118 Бұйрыққа қосымша Қосымша Агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу бойынша бір деңгейдегі жергілікті бюджеттердің бір-бірімен өзара қарым-қатынас жасау қағидалары, агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің іске асырылуы туралы есептілікті жасау және ұсыну тәртібі және агломерация аумағындағы жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімнің мазмұнына қойылатын талаптар Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/activities/198?lang=ru Әкімшілік нысанның атауы: «Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп». Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): СР-1 Жиілігі: жыл сайын Есепті кезең: ____________20___жыл Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: облыстардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері). Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жылдан кейінгі 25 желтоқсанға дейін. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)/Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН): Жинау әдісі: электронды түрде Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп 1 2 3 4 5 6 № Ке­лі­сім шең­бе­рін­де іс­ке асы­ры­л­ған іс-ша­ра­лар тіз­бе­сі Жо­ба­лар­дың құ­ны мен қу­а­ты (мың тең­ге) Олар­ды іс­ке асы­ру мер­зі­мі мен ор­ны Қол жет­кі­зі­л­ген нәти­же­лер ту­ра­лы ақ­па­рат Объ­ек­ті­лер­ді жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­ның ком­му­нал­дық мен­ші­гіне бе­ру ту­ра­лы ақ­па­рат 1) Телефон ______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________ Орындаушы ___________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
Басқа 1. «Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
«Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша «Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Агломерация аумағында жергілікті маңызы бар мәселелерді бірлесіп шешу туралы келісімді іске асыру туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы тұлға тегі мен аты-жөнін көрсете отырып қол қояды.
Тармақ 3
3. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
Тармақ 4
4. Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақ 5
5. Нысанның 2-бағанында келісім шеңберінде іске асырылған іс-шаралардың тізбесі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. Нысанның 3-бағанында жобалардың құны мен қуаты көрсетіледі;
Тармақ 7
7. Нысанның 4-бағанында оларды іске асыру мерзімі мен орны көрсетіледі;
Тармақ 8
8. Нысанның 5-бағанында қол жеткізілген нәтижелер туралы ақпарат көрсетіледі;
Тармақ 9
9. Нысанның 6-бағанында объектілерді жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне беру туралы ақпарат көрсетіледі. Нысанды толтырудың ұқсас схемасы нысанның барлық жолдарын толтырған кезде сақталады.