О Правилах оказания социальной помощи по возмещению расходов, связанных с обследованием на компьютерном томографе детей-инвалидов до 16 лет Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
16 жаска дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен карауға байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі туралы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлем» облыстық бюджеттік бағдарламаның орындалуына бақылауды жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 9)-тармақшасына сәйкес Қостанай облыстық мәслихаты шешті:
Тармақ 1
1. Қоса берілген 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 сәуірдегі № 114 «16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ережесі туралы» шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Басқа 3. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ЕРЕЖЕСІ
Қостанай облыстық мәслихатының 2001 жылғы 26 желтоқсандағы № 168 шешімімен бекітілген 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмек көрсетудің ЕРЕЖЕСІ Осы Ереже «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік төлемдер» жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек көрсетудің тәртібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен тексеруге байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек (әрі қарай-әлеуметтік көмек) аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларымен (әрі қарай-уәкілетті органдар) көрсетіледі. Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмек тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналар, баланы (қызды) асырап алушылар, қорғаншылар, кәмелетке толмаған жасөспірімдердің Қазақстан Республикасының азаматтығы бар занды өкілдері, оралмандар, босқындар атанғандар, азаматтықтары жоқтар, Қазақстан Республикасында тұрғылықты тұратын және шетелдіктің Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған ықтиярхаты бар шетелдіктер алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек отбасының табысына байланыссыз төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек ата-аналық қүқықтан айырылғандарға төленбейді.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
2. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш жасау
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер (ары қарай — арыз беруші) жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 7
7. Арыз беруші төмендегі құжаттарды үсынады:
Тармақша 1
1) 16 жасқа толмаған мүгедек баланы компьютерлік томографпен тек- серуге облыстық денсаулык сақтау басқармасының берген жолдама- сын.Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің аты- жөні толық көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты түлғаның қолы елтаңбасы бар мөрмен расталады.
Тармақша 2
2) Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін.
Тармақша 3
3) Баланы мүгедек деп таныған медициналық- әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамасының көшірмесін.
Тармақша 4
4) Ата-ананың, баланы (қызды) асырап алушының, қорғаншының, мүгедек баланың басқа занды окілінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін: Қазақстан Республикасының азаматтары үшін-жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі; шетелдіктер үшін-Қазақстан Республикасында қоныстануға арналған ықтиярхаттың көшірмесі; азаматтығы жоқ адамдар үшін-азаматтығы жоқ адамның куәлігі; оралмандар мен босқындар үшін-оралман немесе босқын деп танылған куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) баланы (қызды) асырап алушылар, қорғаншылар, қамқоршылар осы дәрежені растайтын құжаттың кошірмесін. Баланы (қызды) асырап алушылар мүгедек баланы асырап алу туралы соттың шешімін. Қорғаншылар (қамқоршылар) қорғаншының (қамқоршының) куәлігін немесе қорғаншы және қамқоршы тағайындау органдарының мүгедек балаға корғаншы (қамқоршы) тағайындауы туралы шешімін.
Тармақша 6
6) Тексерілуге қолма-қол есеп айырысқанын куәландыратын кассалық чегін.
Тармақша 7
7) Баланы тексерген мекеменің директоры мен бас бухгалтері қол қойған қаралуға байланысты шығынды өтеу үшін берілген шотын. Директордың қолы мормен расталады. Шотта компьютерлік томографпен тексерілген мүгедек баланың аты- жоні толық көрсетіледі. Кассалық чекте көрсетілген сома шотта көрсетілген сомаға сәйкес болуы керек. Әлеуметтік көмек тағайындауға қажет құжаттардың түпнүсқалары және уәкілетті орган салыстыру үшін кошірмелері тапсырылады.Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады.Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады және оларды іске ресімдейді.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
3. Әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі
Тармақ 8
8. Комиссия әлеуметтік көмек тағайындау не тағайындаудан бас тарту туралы шешімді арыз беруші арызымен қоса барлық құжаттарын тапсырғаннан кейін 10 күн ішінде береді, ол туралы арыз иесіне хабарланады.
Тармақ 9
9. Қажет құжаттар болмаса әлеуметтік көмек көрсетілмейді.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
4. Әлеуметтік көмектің мөлшері
Тармақ 10
10. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың компьютерлік томографпен қаралуына байланысты шығынды өтеу жөніндегі әлеуметтік көмек есеп айырысу құжаттарының (шот) негізінде қаралу қүнының 100% көлемінде көрсетіледі.
Тарау 5. 5. Әлеуметтік көмекті төлеу
5. Әлеуметтік көмекті төлеу
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі. Аудандық (қалалық) еңбек, жумыспен қамту және халықты әлеуметтік корғау басқармалары есептеп, әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін ресімдеп, ай сайын облыстық еңбек, жүмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді, облыстық басқарма жалпы тізім жасап, ай сайын облыстық қаржы департаментіне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
Тармақ 12
12. Әлеуметтік көмекті төлеу аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларының тізімдеріне сәйкес тиісті операциялар түріне Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің лицензиясы бар, заңмен белгіленген тәртіппен конкурсты ұтып алған ұйымдар арқылы жүргізіледі.