Об оказании социальной помощи по возмещению расходов, связанных с обследованием на компьютерном томографе детей-инвалидов до 16 лет Күшін жойған
Басқа 0
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды
компьютерлік томографпен қарауға
байланысты шығындарды өтеу бойынша
әлеуметтік көмек көрсету туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының негізінде мәслихат ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қоса беріліп отырған нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Басқа 3. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығнды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық
Мәслихаттың
2005 жылғы «15» сәуірдегі
№ 151 шешіміне қосымша
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығнды өтеу бойынша әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі нұсқаулық
Тармақ 1
1. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды өтеу жөнінде әлеуметтік көмекті (әрі қарай – әлеуметтік көмек) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (әрі қарай – уәкілетті орган) көрсетеді.
Уәкілетті орган азаматтардың әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі арызын қарайды және әлеуметтік көмекті тағайындау, немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік көмекті 16 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршылар, Қазақстан Республикасының азаматтарры, оралмандар, босқын аталғандар, азаматтықтары жоқ адамдар және Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт тұруға рұқсаты бар шетелдіктер алуға құқылы.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік көмек отбасының табысына байланыссыз төленеді.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік көмек ата-аналық құқықтан айырылғандарға тағайындалмайды және төленбейді.
Тармақ 5
5. Әлеуметтік көмек алуға үміткер (әрі қара» - арыз беруші) жазбаша арыз береді және әлеуметтік көмек алу құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
Тармақ 6
6. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 7
7. Арыз беруші төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) 16 жасқа толмаған мүгедек баланы компьютерлік томографпен қарауға облыстық денсаулық департаментінің (басқармасының) берген жолдамасын.
Жолдама ресми бланкіге ресімделеді, онда қол қойған лауазым иесінің толық атауы көрсетіледі, қол қойылады және ол ажыратылады. Жауапты тұлғаның қолы елтаңбалы мөрмен расталады;
Тармақша 2
2) баланың туу туралы куәлігінің көшірмесін;
Тармақша 3
3) баланың мүгедектік тобын белгіленген медициналық-әлеуметтік сараптау комиссияся анықтамасының көшірмесін;
Тармақша 4
4) ата-ананың, асырап алушының , мүгедек баланың басқа заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттын көшірмесін;
Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке басын куәладыратын құжаттың көшірмесі; шетелдіктер үшін – шетелдікке Қазақстан Республикасында ұзақ уақыт тұруға берілген рұқсаттың көшірмесі; азаматтықтары жоқтар үшін – азаматтығы жоқтығы туралы куәліктің көшірмесі; оралмандар мен босқындар үшін – ораламн немесе босқын деп танылғандары туралы куәліктің көшірмесі;
Тармақша 5
5) Асырап алушылар, қамқоршылар (қоғаншылар) көрсетілген мәртебенің бар екендігін дәлелдейтін құжаттың көшірмесін ұсынады.
Қамқоршылар (қорғаншылар) қамқоршы (қорғаншы) куәлігінің көшірмесін немесе қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мүгедек балаға қамқоршы (қорғаншы) тағайындау туралы шешімінің көшірмесін ұсынады;
Тармақша 6
6) қаралуға қолма-қол есеп жасалғанын куәландыратын кассалық чегін;
Тармақша 7
7) баланы қараған мекеменің директоры мен бас бухгалтері қол қойған қаралуға байланысты шығынды өтеу үшін берілген шотын. Директордың қолы мөрмен расталады.
Шотта кмпьютерлік томографпен қаралған мүгедек баланың аты-жөні көрсетіледі.
Кассалық чекте көрсетілген сома шотта көрсетілген сомаға сәйкес болуы керек.
Әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажет құжаттардың түпнұсқалары уәкілетті органға салыстыру үшін тапсырылады. Салыстырғаннан кейін құжаттардың түпнұсқалары арыз берушіге қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін куәландырады және оларды іске ресімдейді.
Тармақ 8
8. Әлеуметтік көмекті беру немесе одан бас тарду туралы уәкілетті органның шешімі өтініші беруші барлық қажетті құжаттарды бергеннен кейін 10 күн ішінде беріледі, ол жөнінде өтініш берушіге хабарланады.
Көрсетілген құжаттардың болмауы әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартуға әкеліп соғады.
Тармақ 9
9. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды компьютерлік томографпен қарауға байланысты шығынды төлеу жөніндегі әлеуметтік көмек есеп айырысу құжаттарының негізінде (есептердің) қаралу көлемінде 100 % көлемінде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Әлеуметтік көмекті төлеу жергілікті (қалалық) бюджет есебінен жүргізіледі.
Уәкілетті орган әлеуметтік көмек тағайындалған азаматтардың тізімін жасап, есептеп, ай сайын қалалық қаржы юөліміне қаржыландыруға тапсырыс беріп отырады.
Тармақ 11
11. Әлеуметтік көмекті төлеу еңбек және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жасаған тізімге Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің операциялардың тиісті түрлеріне берілген лицензиясы бар, заңдылықтармен белгіленген тәртіппен конкурсты жеңіп алған мекемелер арқылы жүзеге асырылады.