Об оказании материальной помощи ко Дню защиты детей детям - инвалидам до 16 лет Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.04.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы» және «Қазақстан республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарына сәйкес, Нұра аудандық Мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 28 сессиясының «2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы» (2006 жылдың 21 желтоқсанында Қарағанды облысы әділет департаментінің Нұра аудандық әділет басқармасында тіркеліеген, мемлекеттік тіркеу № 8-14-37) № 289 әділет шешімін басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Нұра ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Гүлнәр Такуқызы Жүпенова) және зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Нұра аудандық бөлімшесі (Сәтенова Зүльфина Төлеубайқызы – келісім бойынша):
Тармақша 1
1) арнаулы әлеуметтік жәрдемақы алатын 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тізімін анықтасын;
Тармақша 2
2) Балаларды қорғау күніне мүгедке балаларға материалдық көмек 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде төлеуді ұйымдастырсын.
Тармақ 2
2. Нұра ауданының қаржы бөлімі (Николай Анатольевич Баранов) осы аталған шараларды жүргізу үшін аудандық бюджетте қарастырылған қаржының бөлуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 25 мамырдағы «Балаларды қорғау күніне 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету туралы» (2006 жылдың 9 маусымында Қарағанды облысы әділет департаментінің Нұра аудандық әділет басқармасында тіркелінді, мемлекеттік тіркеу № 8-14-27) № 08/23 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін. КЕЛІСІЛДІ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Нұра аудандық бөлімшесінің бастығы З.Т. Сәтенова «25» 04 2007 жыл