О наименовании 16 жилого района Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
16-тұрғын ауданын атау туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, ономастикалық комиссиясының 2012 жылғы 5 сәуірдегі қорытындысына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. 16 тұрғын ауданы А.С. Куленовтың есімімен аталсын.
Тармақ 2
2. «Өскемен қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі осы қаулы мен шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевке және Өскемен қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, бюджет және әлеуметтік-мәдени дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (А.А. Құрманғалиев) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы мен шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.