Об утверждении Правил предоставления льгот по санаторно-курортному лечению для детей-инвалидов до 16 лет за счет средств областного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды
санаторлық-курорттық емдеу үшін
облыстық бюджеттің қаражаты есебінен
жеңілдіктер беру ережесін бекіту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 13.01.2006 № 15 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемелекеттік басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қосымша берілген 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары С.Ш. Бектұрғановқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Қаулы әділет басқармасында тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 4. 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру
ЕРЕЖЕСІ
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімиятының
2001 жылғы 17 шілдедегі
№ 87 қаулысына қосымша
16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеу үшін облыстық бюджеттің қаражаты есебінен жеңілдіктер беру
ЕРЕЖЕСІ
Осы Ереже «Санаторлық-курорттық емдеу жеңілдіктері» жөніндегі бюджеттік бағдарлама бойынша 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды санаторлық-курорттық емдеу үшін жеңілдіктер беру тәотібін реттейді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ереженің 2-тармағында көрсетілген аурулары бар 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, оларды әлеуметтік қолдауға, сауықтыруға және бейімдеуге бағыттылған санаторлық-курорттық емдеу тегін беріледі.
Тармақ 2
2. 1) тыныс органдары;
2) тамыр – жүрек жүйесі;
3) сүйену-қозғалу аппараттары ауыратын;
4) ас қорыту органдары мен зат алмасудың бұзылуы;
5) бүйрек және зәр шығару жолдары;
6) психоневрологиялық аурулары бар 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға санаторлық-курорттық жолдамалар тегін беріледі.
Тармақ 3
3. 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың санаторлық-курорттық емдеу құжаттарын ресімдеуді және есеп жүргізуді аудандық (қалалық) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары (әрі қарай –уәкілетті орган) жүргізеді.
Тарау 2. 2. Қажетті құжаттар тізбесі
2. Қажетті құжаттар тізбесі
Тармақ 4
4. Мүгедек баланың ата-анасы, асырап алушысы, қамқоршысы уәкілетті органға күнін көрсетіп, арыз береді.
Тармақ 5
5. Арыз беруші бұдан басқа төмендегі құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) мүгедек баланың санаторлық-курорттық емге мұқтаждығы туралы жергілікті жердегі емдеу мекемесінің тұжырымы.
Осы ереженің 2-тармағында көрсетілетін аурулар бойынша санаторлық – курорттық емделуге қарсылықтар туындағанда емдеу мекемелерінің тұжырым беруіне болмайды.
Айналасындағыларға қауіп төндіретін ауыры бар мүгедек балаларға санаторлық-курорттық емделуге қажеттілік туралы медициналық мекемелердің тұжырым беруіне жол берілмейді;
Тармақша 2
2) мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 3
3) медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясының анықтамсын көшірмесі (белгіленген үлгідегі);
Тармақша 4
4) осы ереженің 2-тармағында көрсетілген аурулардың бірінің барлығы туралы дәрігерлік консультативтік комиссияның анықтамасы.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органға ақысыз санаторлық-курорттық емделуді қамтамасыз етуге қажет құжаттардың салыстыру үшін түпнұсқасы және көшірмесі тапсырылады. Салыстырғаннан кейін арыз берушіге құжаттардың түпнұсқасы қайтарылады. Уәкілетті органның қызметкерлері құжаттардың көшірмелерін растайды және істі ресімдейді.
Тармақ 7
7. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың бірі болмаса, ақысыз санаторлық-курорттық емделу мүмкіндігі берілмейді.
Тармақ 8
8. Арыз беруші арызда және құжаттарда көрсетілген мәліметтің толықтығына, растығына заңдылықтарға сәйкес жауапты болады.
Тармақ 9
9. Уәкілетті орган мүгедек балалардың емделуі үшін ақысыз жолдамаларды берілген арызға сәйкес кезек тәртібімен береді.
Тармақ 10
10. Санаторлық-курорттық емделуге ақысыз жолдама беруден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган арыз бергеннен кейін 10 күн ішінде арыз берушіге бас тартудың дәлелін келтіріп, жауап беруге міндетті.
Тармақ 11
11. Уәкілетті орган мүгедек балаға емделу үшін санаторлық-курорттық жолдама бермеген жағдайда, ақшалай өтемақы төленбейді.
Тарау 3. 3. Санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу және беру тәртібі
3. Санаторлық-курорттық емделуге жолдама алу және беру тәртібі
Тармақ 12
12. Санаторлық-курорттық емделуге жолдамаларды облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес облыстық бюджет қаражаты есебінен алады.
Тармақ 13
13. Аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары ақысыз санаторлық-курорттық жолдама алуға құқылы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалардың тізімін ресімдейді және ай сайын облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасына береді.
Тармақ 14
14. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармалары берген тізімдерге сәйкес санаторлық-курорттық емдеу жолдамаларын белгіленген мақсат бойынша пайдалану үшін аудандық, қалалық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларына бөліп береді.
Тармақ 15
15. Берілген жолдама уәкілетті орган мүгедек баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетуге тиіс.
Тармақ 16
16. Санаторлық-курорттық емделуге берілетін жолдамаға уәкілетті органның бастығы, немесе оның орынбасары қол қояды және мөрмен расталады.