О ликвидации государственного учреждения "Учреждение ИЧ-167/1" и создании государственного учреждения "Учреждение ИЧ-167/4" Комитета уголовно-исполнительной системы Министерства юстиции Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "ИЧ-167/1 мекемесі" мемлекеттік мекемесін тарату және "ИЧ-167/4 мекемесі" мемлекеттік мекемесін құру туралы
"Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеу жағдайын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "ИЧ-167/1 мекемесі" мемлекеттік мекемесі таратылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "ИЧ-167/4 мекемесі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) - бас бостандығынан айыруға сотталған әйелдердің жазаларын өтеуіне арналған түзеу колониясы құрылсын.
Тармақ 3
3. Мекемені ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте сотталғандарды ұстауға көзделген қаражат шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменің жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Мекемеге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің таратылатын "ИЧ-167/1 мекемесі" мемлекеттік мекемесінің мүлкін беруді жүзеге асырсын;
Тармақша 3
3) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай
өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік мекемелер" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 89-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 103-жолмен толықтырылсын:
" 103. ИЧ-167/4 мекемесі";
Тармақша 2
2) "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі N 339 қаулысында :
көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
реттік нөмері 11-жолдың 3-бағанында "12289" және "4131" деген цифрлар тиісінше "12496" және "3924" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Тармақ 6
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.