О внесении дополнений в Регламент районного маслихата, утвержденного решением 17 сессии районного маслихата от 16 января 2002 года № 11 Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 16 қантардағы 17 сессиясының №11 шешімімен бекітілген аудандық мәслихаттың Регламентіне толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасыдағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабы (1 тармағының 1, 6, және 7 тармақшалары) мен 24 бабына сәйкес және «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қантардағы № 19 Жарлығын орындау барысында Бұқар жырау аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. «Аудандық Мәслихаттың Регламенті туралы» аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 16 қантардағы 17 сессиясының № 11 шешімімен бекітілген, Бұқар жырау аудандық мәслихатыңың Регламенті (нормативтік құқыктык актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2002 жылғы 18 ақпандағы тіркелген № 641, «Нормативтік құқыктык актілер реестріндегі мемлекеттік тіркелу нөмірі № 641, аудандық мәслихаттың 2002 жылғы 16 қантардағы 17 сессиясының № 11 «Аудандық Мәслихаттың Регламенті туралы» аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 21 мамырдағы 7 сессиясының № 4 шешімімен толықтырулар енгізілген, нормативтік құқыктык актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 1536, 2004 жылғы 9 маусымдағы № 24 «Сарыарқа» газетінде жарияланған), 91-1 бабымен келесі редакцияда толықтырылсын:
«91-1. Аудандық мәслихат, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының (1 тармағының 1,6 және 7 тармақшалары) 24 бабының ережелерін, сондай-ақ «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қантардағы № 19 Жарлығын басшылыққа ала отырып, кемінде жарты жылда бір рет сессияда аудан әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы есебін тындайды.
Аудан әкімінің (оның міндетін орындаушы тұлғаның) өзіне жүктелген функциялары мен міндетерін орындау туралы есебі және осы бойынша шешімнің жобасы аудандық мәслихаттың тиісті сессиясының үш апта бұрын аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.
Мәслихат депутаттары алдында өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерін орындау туралы аудан әкімінің есебі жөніндегі шешім «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 11 бабының 3 тармағы және осы Регламенттің 41 және 92 баптары анықтаған тәртіппен қабылданады».