О внесении изменений и дополнений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 ноября 1994 г. N 1302 Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.11.1997. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы 📌 Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.11.22. N 1641 қаулысымен. "Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану және авиация қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылы 20 желтоқсандағы N 2697 Заң күшi бар Жарлығын (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 148-құжат) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ереженi бекiту жайында" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 17 қарашадағы N 1302 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi туралы ережеге мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: Ереже мәтiнiндегi "Министрлер Кабинетi", "Министрлер Кабинетiнiң", "Жоғарғы Кеңестiң" деген сөздер "Үкiметi", "Үкiметiнiң", "Парламентiнiң" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың 2-абзацындағы "темiр жол қатынасы жолдарын және оларға арналған ғимараттарды салуды, пайдалану мен ұстауды," деген сөздерден кейiн "сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалануды бақылауды," деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы "оның банк мекемелерiнде" деген сөздерден кейiн "белгiленген тәртiппен" сөздерiмен толықтырылсын; 7-тармақта: жетiншi абзац "көлiк және байланыс" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ әуе кеңiстiгi" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "мемлекеттiк басқару, әуе кеңiстiгiн пайдалану жұмысын үйлестiру мен бақылау"; 8-тармақта: екiншi абзацтағы "жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын; он үшiншi абзацтағы "көлiк-коммуникациялар" деген сөздерден кейiн "әуе кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын; он бесiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "заңдарымен" деген сөзбен ауыстырылсын; он алтыншы абзацтағы "жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары мен байланыс" деген сөздерден кейiн "әуе кеңiстiгiн пайдалану" деген сөздермен толықтырылсын; жиырма бiрiншi абзацтағы "Министрлер Кабинетi жанындағы" деген сөздер алынып тасталсын; жиырма бесiншi абзацтағы "жол шаруашылығында" деген сөздер "сондай-ақ әуе кеңiстiгiн пайдалану кезiнде" деген сөздермен толықтырылсын; 9-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "белгiленген тәртiппен әуе кеңiстiгiн пайдалануға байланысты қызметке рұқсат беру мен тоқтатуға"; 14-тармақта: бiрiншi және екiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын: "Министрлiкте құрамында Министр (алқа төрағасы), Министрлер орынбасарлары, лауазымы бойынша комитеттер мен департаменттердiң басшылары, сондай-ақ көлiк-коммуникация кешенiндегi басшы қызметкерлерi бар алқа құрылады. Министрлiктiң алқа құрамының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi,"; үшiншi тармақтағы "қызметiнiң" деген сөзден кейiн "және әуе кеңiстiгiн пайдаланудың" деген сөздермен толықтырылсын; 15-тармақта: екiншi абзацтағы "әуе" деген сөз алынып тасталсын; екiншi абзацтағы "туралы Ережелердi деген сөздерден кейiн "Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi туралы" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы бiрiншi абзацпен толықтырылсын: "Министрлiктiң жанындағы Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi Комитетi iс-қимыл жасайды. Комитеттi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және босататын Төраға басқарады."; бiрiншi және екiншi абзацтар тиiсiнше екiншi және үшiншi абзацтар болып есептелсiн.