О внесении изменений в постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 17 июля 1995 г. N 989 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 989 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн және "Қазақстан Республикасының 1930 жылғы 7 маусымдағы Женева конвенцияларына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 тамыздағы N 2418 U952418_ Жарлығының күшiне енуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
"Айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын қысқа мерзiмдi қазыналық вексельдердi орналастыру және айналысқа шығуына қызмет ету туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 шiлдедегi N 989 P950989_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 25, 989-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
атауындағы және мәтiндегi "вексельдер" сөздерi "мiндеттемелер" сөздерiмен ауыстырылсын.
1-тармақтағы "1995" саны "1995-1996" сандарымен ауыстырылсын;
атауындағы және айналыс мерзiмi үш және алты ай болатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қысқа мерзiмдi қазыналық вексельдерiн шығарудың шарттары мен тәртiбiнiң мәтiнiндегi "вексельдер", "вексельдерi" сөздерi "мiндеттемелер", "мiндеттемелерi" сөздерiмен ауыстырылсын.