О внесении изменений в Указ Президента Республики Казахстан от 17 августа 1998 года № 4021 Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 17 тамыздағы № 4021 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 28.11.1999 № 271 Жарлығымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесін одан әрі оңтайландыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 29 Жарлығына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің мәселелері" атты 1998 жылғы 17 тамыздағы N 4021 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтың 2) тармақшасындағы "85" саны "76" санымен алмастырылсын;
аталған Жарлықтың 1 қосымшасында:
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттік Төрағасының орынбасары - департамент директоры болады, оны Төрағаның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайды және қызметінен босатады";
11-тармақтың 2) тармақшасындағы "Атқарушы Директор" сөзі алынып тасталсын;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттік Төрағасының орынбасары - департамент директоры Төраға орнында болмаған кезде, оның орнын басады, оған Агенттік Төрағасы жүктеген өзге де міндеттерді атқарады";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Агенттікте Директорлар кеңесі құрылады, оның құрамына лауазымы бойынша Агенттік Төрағасы (Директорлар кеңесінің төрағасы), Төрағаның орынбасары - департамент директоры, департаменттер директорлары, сондай-ақ Агенттік Төрағасының шешімі бойынша Агенттіктің басқа
жауапты қызметкерлері кіреді";
Аталған Жарлықтың 2 қосымшасында:
"Әкімшілік - ақпарат департаменті" деген жол "Ұйымдық -
ақпараттық жұмыс басқармасы" деген жолмен алмастырылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.