О плане мероприятий по реализации задач, вытекающих из выступления Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева на встрече с представителями научной и творческой интеллигенции 17 марта 1998 года и предложений участников, высказанных на этой встрече Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы 17 наурыздағы ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерді, сондай-ақ осы кездесуге қатысушылардың айтқан ұсыныстарын жүзеге асыру туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 09.12.2004 № 53 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың 1998 жылғы 17 наурыздағы ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінен туындаған міндеттерді жүзеге асыру жөніндегі шараларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Ә. Кекілбаевтың 1998 жылғы 10 сәуірдегі № К-148 бекіткен осы кездесуге қатысушылардың ұсыныстарына сәйкес ШЕШТIМ:
Тармақ 1
1. Облыстық шаралар жоспары бекітілсін (қосымша).
Тармақ 2
2. Қалалар және аудандар әкімдері екі апталық мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылғы 17 наурыздағы ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінен туындаған міндеттерді жүзеге асыру жөнінде сәйкесті шаралар кешенін әзірлесін және жыл бойына оларды іске асырсын.
Басқа 3
Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімнің
1998 жылғы 15 маусымдағы
№ 95 шешіміне қосымша
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1998 жылгы 17 наурыздағы ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесуде сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттерді, сондай-ақ осы кездесуге қатысушылардың айтқан ұсыныстарын жүзеге асыру жөніңдегі іс-шаралар
жоспары
Шаралардың мазмұны
Орындаушылар
Орындалу мерзімі
1. Меншік нысанына қарамастан бұқаралық ақпарат құралдарында кездесудегі Казақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзінде қойылған тұжырымдамалық ілімдер мен міндеттерді насихаттау және түсіндіруді ұйымдастыру. Бұл бағытта лекторлар және мақала әрі жарияланым авторлары ретінде шыгармашылық зиялы қауым және қоғам қайраткері окілдерін тарта отырып, қалалар мен аудандар әкімдері аппараттарының ақпараттық топтарының қызметін жандандыру
Облыстық ақпарат және қогамдық келісім басқармасы (келісім бойынша), қалалар, аудандар әкімдерінің аппараттары, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары (келісім бойынша)
Жыл бойына
2. Қостанай облысының тарихи және мәдени ескерткіштерінің тізбесін әзірлеу. Облыста археология ескерткіштерін анықтау жөніндегі жұмысты жалғастыру. Жаңадан анықталган тарихи, мәдени және археология ескерткіштерін сақтау, жаңгырту мақсатында облыс әкімінің арнайы шешімін әзірлеу және қабылдау. Облыстың қалалары мен аудандарында сәйкесті жұмыс жүргізу
Облыстық мәдениет басқармасы. Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалану жөніндегі облыстық сараптау комиссиясы. Қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары. Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі
1998 жылдың
2-3 тоқсаны
тұрақты
3. Қостанай қаласының Орталық бауына Ахмет Байтұрсыновтың есімін беру, Қостанай қаласындағы Совет көшесін Ахмет Байтұрсынов көшесі деп қайта атау және Қостанай мемлекеттік университетінің бас ғимаратының алдында Ахмет Байтұрсыновқа ескерткіш орнату жөнінде қажетті шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру. Торғай және Әулиекөл поселкелерінде А.Байтұрсыновқа ескерткіш белгілер орнату
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша) Қостанай қаласы, Әулиекөл және Жанкелдин аудандары әкімдерінің аппараттары. Қостанай қалалық мәслихаты (келісім бойынша)
1998 жылдың мамыр-тамыз айлары
4. Мейірбандық ілімін насихаттау, облыстық қайырымдылық қорының есебіне қаражат тарту жөніндегі жұмысты жандандару мақсатында "Бірімізге біріміз көмектессек әлем қайырымды болады" ұранымен облыстық "Жанашыр- Сострадание" телекөпірін ұйымдастыру және өткізу. Телекөпірдің өтуін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кең түрде, хабарландыру. Ұлттық сана-сезім тұрғысынан алғанда балалар мен қарттарға қамқорлықты жақсартуға, жаңа туғандарды балалар үйіне, жасы ұлғайған ата-аналарын қарттар үйіне тапсыру сияқты келеңсіз жағдайларды азайтуға ықпал жасау. Облыстың қалалары мен аудандарында бұл бағыттағы жұмысты жандандыру
Облыс әкімі, қалалар, аудандар әкімдері, облыстык мәслихат аппараттары (келісім бойынша), облыстық басқармалар және ұйымдар. Аз қамтылғандарды қолдау жөніндегі Қостанай аймақтық қоры. Облыстық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы. Облыстық телерадиокомпания. Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары (келісім бойынша)
1998 жылдың 27 мамыры
5. Облыста халық бірлігі және ұлттық тарих жылын өткізу шеңберінде мұражай ісін жетілдіру жөнінде бірқатар қосымша шаралар қарастыру. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында "Қостанай облысы цифрлар мен фактілер құшағында" атты көрме ашу. Торғай поселкесіндегі А.Байтұрсынов және М.Дулатов мұражайларын жаңғырту және жұмысын жетілдіру жөніндегі қажетті жұмыстар жүргізу
Облыстық мәдениет басқармасы. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы. Жанкелдин
ауданының әкімі
Жыл бойына.
1998 ж. маусым
6. Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтымен бірлесе отырып (Республика Ғылым Академиясының - Ғылыми министрлігінің қамқорлығы аясында) Аманкелді, Жанкелдин, Меңдіқара, Науырзым және Сарыкөл аудандарының жалпы этномәдени жағынан зерттелуін әзірлеу және іске асыру. Осы сияқты жұмысты (тез зерттеу) Қостанай мемлекеттік университеті студенттерінің іс-тәжірибесі шеңберінде облыстың барлық аудандарында жүргізу
Аманкелді, Жанкелдин, Меңдіқара, Науырзым және Сарыкөл аудандары әкімдерінің аппараттары. Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры. Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі
1998 жылғы 29 маусымнан 20 шілдеге дейін
7. Журналистердің ІІ облыстық фестивалін әзірлеу және өткізу. Үздік жарияланым, телерадиосюжетті анықтау қорытындысын шығарарда Қазақстан халқының бірлігі және ұлттық тарих ілімін насихаттауға айырықша көңіл бөлінсін
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша)
1998 ж. 28 маусым
8. 1998-2000 жылдарға арнап Қостанай облысы тарихының даталы күндер күнтізбесін әзірлеу және бастырып шығару. Осы сияқты жұмысты қалаларда және аудандарда жүргізу
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша).
Облыстық мәдениет басқармасы. Л.Толстой атындағы облыстық кітапхана. Қалалар және аудандар әкімдерінің ішкі саясат және әлеуметтік сала мәселелеріне жетекшілік жасайтын орынбасарлары
1998 жыл ІІІ тоқсан
9. Облыста халық бірлігі және ұлттық тарих жылын өткізу жөніндегі шаралар жоспары шеңберінде жылдың ілімдерін кең түрде насихаттауға арналған облыстық телемарафон ұйымдастыру және өткізу. Облыстық телерадиокомпания негізінде осы тақырыпқа арналған теле және радиохабарларының жиынтығын әзірлеу әрі жүзеге асыру
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы. Облтелерадиокомпания (келісім бойынша)
1998 жылдың ІІІ, ІҮ тоқсандары
10. Еліміз Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен 2030 Стратегиясын насихаттау жөніндегі жұмысты жалгастыру
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша). Қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары. Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары (келісім бойынша)
Тұрақты
11. Ұлттық ғылымда қалыптасқан терминдерді нақтылауға бағытталған, көшпенділікпен ғана емес, әлеуметтік-экономикалық өмірдің басқа да нысандарымен байланысқан даналық болмыстың шынайлығын ғылыми тұрғыдан дәлелдейтін мақалаларды, басқа материалдарды жариялауды ұйымдастыру
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасы (келісім бойынша). Қалалар және аудандар әкімдерінің аппараттары. Бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары (келісім бойынша)
Тұрақты
12. Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан Республикасы Конституциясы мен басқармасы заңдарын бұрмалау фактілеріне уақытылы сәйкесті құқықтық бағалар бер. Осыған орай бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен арнайы кеңестер өткізу
Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім (прокуратура органдарымен келісім бойынша)
Тұрақты
13. Мерейтойлар өткізген және даталық күндерді мерекелеген кезде Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 қазандағы "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндер туралы және 1998 жылғы 20 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және даталы күндер туралы" Жарлықтарын және С.Қалмырзаевтың Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер және даталы күндер туралы" Жарлықтың жобасы туралы жазбасына еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың (1998 жылғы 20 қаңтардағы № 5327) нұсқауларын қатаң түрде басшылыққа алу
Қалалар және аудандар әкімдері. Облыстық, тұрақты қалалық, аудаңдық басқармалар мен ұйымдардың басшылары
Тұрақты
14. Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуын мерекелеу жөніндегі Республикалық тұжырымдама және мерейтойлық шаралар жоспарына сәйкес Қостанай қаласында мерейтойлық шаралар және Ахмет Байтұрсынов ғалым, лингвист, қоғам қайраткері атты халықаралық ғылыми-теоретикалық конференциясын ұйымдастыру және өткізу
Облыс әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімі ҚМУ ректораты (Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен және Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы - Ғылым министрлігімен бірлесіп)
1998 жылғы 24-26 қазан
15. Облысымыздың тарихи және мәдени ескерткіштері бейнеленген сый кәделік өнімдерін даярлау жөніндегі жұмысты жалғастыру. Қостанай облысының энциклопедиясын шығару
Облыстық мәдениет басқармасы. Облыс, қалалар, аудандар әкімдері. Алдамжаровтың ғылыми-зерттеу мәдени оқу орталығы (келісім бойынша)
1998 жылдың ІҮ тоқсаны