О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 августа 1999 года N 1175 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.09.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Шағын кәсiпкерлiктi дамыту қоры" жабық акционерлiк қоғамы директорларының кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 17 тамыздағы N 1175  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға қосымшада: "Андрющенко Александр Иванович" Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi, төраға" деген жол мынадай мазмұндағы: "Мисников Владимир Андреевич" - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетiнiң төрағасы, төраға" деген жолмен ауыстырылсын; "Дунаев Арман Ғалиасқарұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi" деген жол мынадай мазмұндағы: "Исаев Батырхан Арысбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын; "Әбсәтiров Кеңес Ғарапұлы - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгi Шағын бизнестi қолдау жөнiндегi комитетiнiң төрағасы" деген жол мынадай мазмұндағы: "Өзбеков Ғани Нұрмаханбетұлы - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрi" деген жолмен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі