О внесении изменений и дополнений в решение акима Костанайской области от 17 ноября 1999 года № 241 «Об утверждении правил о порядке выделения областным исполнительным органам и областному маслихату средств из областного бюджета на представительские расходы» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2000. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Облыстың атқарушы органдарына және облыстық мәслихатқа өкілетті шығыстарға арнап облыстық бюджеттен қаражат бөлу тәртібі туралы ережелерді бекіту жайында" Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 17 қарашадағы № 241 шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 24.12.2001 № 142 шешімімен. Бюджеттік қаражатын үнемдеудің тәртібін күшейту мақсатында ШЕШТІМ:
Тармақ 1
1. Қостанай облысы әкімінің 1999 жылғы 17 қарашадағы № 241 шешімнің тақырыбындағы және мәтініндегі "облыстық" және "мәслихат" деген сөздер сәйкес "жергілікті" және "өкілетті орган" деген сөздермен айырбасталсын.
Тармақ 2
2. Көрсетілген шешімнің 2-қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Басқа 3. Өкілеттік шығыстардың нормалары
Қазақстан Республикасы Қостанай облысы әкімінің 2000 жылғы 15 қарашадағы № 216 шешіміне қосымша Өкілеттік шығыстардың нормалары Шығыстар атауы Құны теңгемен Облыстық қалалық, аудандық 1. Ресми ас берулерді өткізу шығыстары делегациядағы бір адамға күніне есептеледі 6500 дейін 3250 дейін 2. Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шараларын өткізу кезіндегі буфеттік қызметті көрсету, аудармашыны және жанында жүрген адамдарды қосқанда, күніне есептеледі 1040 дейін 520 дейін 3. Делегацияны қабылдаушы мемлекеттік органның штатында жоқ аудармашының еңбегіне ақы төлеу (сағатына) 700 дейін 350 дейін 4. Көліктік шығыстарға төлем төлеу (сағатына) 700 дейін : 350 дейін Ескерту:
Тармақ 1
1. Шетелдік делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсету шығыстары шығыстар сметасында сағаттық төлем төлеу есебінен қарастырылады.
Тармақ 2
2. Шетелдік делегацияларды ресми түрде қабылдауға байланысты ас берулер немесе басқа да ұқсас шаралар негізінде Қазақстан Республикасы жағынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың жағынан қатысушылардың санынан аспауға тиіс.
Тармақ 3
3. Делегацияның құрамы 5 адамнан асқан жағдайда, делегацияға қызмет көрсетуші жандарында жүрген кісілер мен аудармашылардың саны, делегацияның 5 мүшесіне, кем дегенде, 1 аудармашы немесе жанында журген кісі есебінен белгіленуге тиіс.