О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 17 ноября 2000 года N 487 "Об утверждении структуры специфики экономической классификации расходов бюджета Республики Казахстан" Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2005. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487 Бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы " Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы " Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы " Заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет есебiнен қамтылған органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575  Жарлығына  сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 2000 жылғы 17 қарашадағы N 487  бұйрығына  мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымында: 150 "Басқа да ағымдағы шығындар" сыныпшасында: 159 "Өзге де ағымдағы шығыстар" ерекшелiгi бойынша: "Шығындар тiзбесi" бағанындағы төртiншi абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы төлемегенi үшiн өсiмақы"; 420 "Негiзгi капиталды құру" сыныпшасындағы: "Анықтама" бағанындағы бiрiншi сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Осы сыныпшада қайта жаңарту мен күрделi жөндеуден басқа, құрылыс қызметiне (құрылыс) байланысты барлық шығындар көрсетiлген."; 421 "Үйлер мен ғимараттарды салу" ерекшелiгiнде: "Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Қайта жаңарту мен күрделi жөндеуден басқа, үйлер мен ғимараттарды салу шығындары, әскери мақсаттағы үйлер мен ғимараттарды салуға арналған шығындары 35-ерекшелiк бойынша сыныпталады."; 422 "Жолдар салу" ерекшелiгiнде: "Анықтама" бағанындағы "Жолдар" деген сөздiң алдынан "Күрделi жөндеуден басқа," деген сөздермен толықтырылсын; 430 "Күрделi жөндеу" сыныпшасында: "Анықтама" бағанында: бiрiншi және екiншi сөйлемдегi тиiсiнше есептелуiне қарай "күрделi жөндеуге", "күрделi жөндеумен", "күрделi жөндеу" деген сөздерден кейiн "және қайта жаңартуға", "және қайта жаңартумен", "және қайта жаңарту" деген сөздермен толықтырылсын; 431 "Үйлердi, ғимараттарды күрделi жөндеу" ерекшелiгi бойынша: "Анықтама" бағаны мынадай редакцияда жазылсын: "Yйлердi, ғимараттарды, сумен жабдықтау жүйелерi мен желiлердi, кәрiздi, электрмен қамтамасыз ету күрделi жөндеуге және қалпына келтiруге байланысты шығындар."; 432 "Жолдарды күрделi жөндеу" ерекшелiгi бойынша: "Анықтама" бағанында: бiрiншi сөйлемдегi "қайта құруға" деген сөздер және екiншi сөйлем алынып тасталсын:; 460 "Ел iшiндегi күрделi трансферттер" сыныпшасында: "Анықтама" бағанындағы екiншi сөйлемдегi "активтер" деген сөзден кейiн ", құрылыс қызметiн" деген сөздермен толықтырылсын; 461 "Заңды тұлғаларға берiлетiн күрделi трансферттер" ерекшелiгi бойынша: "Анықтама" бағанында: бiрiншi сөйлемдегi "құрылыстары" деген сөз "құрылыс қызметiн" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Заң қызметi департаментi (Н.А.Қалиева) және Мемлекеттiк бюджет департаментi (Б.Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2001 жылға арналған есептiк кезеңде жүзеге асырылатын операцияларды қоспағанда, 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Қаржы министрінің міндетін атқарушы