О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 г. № 406 «О квоте иммиграции на 2000 год» и постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 г. № 1067 «О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 г. № 406 «О квоте иммиграции на 2000 год» Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің «2000 жылға арналған
көшiп келу квотасы туралы» 2000 жылғы 17 маусымдағы №406
Жарлығын және
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң
«2000 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы» 2000 жылғы
17 маусымдағы №406 Жарлығын орындау жөнiндегi» Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi № 1067
қаулысын іске асыру туралы
Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 28.04.2004 № 124 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2000 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2000 жылғы 17 маусымдағы N 406 Жарлығын және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "2000 жылға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2000 жылғы 17 маусымдағы N 406 Жарлығын орындау жөнiндегi" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 13 шiлдедегi N 1067 қаулысын орындау үшiн ШЕШIМ ЕТЕМIН:
Тармақ 1
1. Көшi-қон және демография басқармасы (Нартазинов), аудандардың және Орал қаласының әкiмдерi республикалық бюджетте осы мақсатқа қаралған қаржы және квота шегiнде өзiнiң тарихи отанына мемлекеттiк қаржылай қолдауынсыз қайтып келе алмайтын ұлты қазақ адамдардың ұйымдасқан түрде оралуын, сондай-ақ оларды орналасқан жерлерiне қабылдауды және жайластыруды жүзеге асырсын.
Тармақ 2
2. Оралмандар (репатрианттар) отбасыларының тұтас орналасуы үшiн орындар былайша белгiленсiн:
Орал қаласына - 7 отбасы;
Ақсай қаласына - 2 отбасы;
Бөрлi ауданындағы Қарашығанақ поселкесiне - 1 отбасы.
Тармақ 3
3. Көшi-қон және демография басқармасы кеден комитетiмен бiрлесiп, көршi облыстардың тиiстi органдарымен оралмандардың көшiп шығу және транзиттiк өту мәселесiн әзiрлесiн және оларға мемлекеттердiң шекараларынан өту кезiнде көмектер көрсетсiн.
Тармақ 4
4. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов) оралмандардың (репатрианттардың) Қазақстан Республикасының аумағы бойымен жүргенде және орналасқан жерлерiнде олардың жеке бастарының және мүлiктерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 5
5. Көшi-қон және демография басқармасы облыс әкiмшiлiгiне осы шешiмнiң орындалуы туралы ақпаратты 2001 жылдың 5 қаңтарына дейiнгi мерзiмде тапсырсын.
Тармақ 6
6. Шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары М. Құлшарға жүктелсiн.