О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2000 года № 406 «О квоте иммиграции на 2000 год» и Постановления Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2000 года № 1067 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің
«2000 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы» 2000 жылғы
17 маусымдағы №406 Жарлығын
және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 шілдедегі
№1067- қаулысын жүзеге асыру туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 17 маусымдағы №406 «2000 жылға арналған көшіп-келу квотасы туралы» Жарлығына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 шілдедегі №1067-қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Алыс және жақын шетелдерден отандастарымызды қабылдау қосымшаға сәйкес 20 отбасы болып белгіленсін (қосымша №1).
Тармақ 2
2. Тарихи отанына оралуға тілек білдіруші отандастардың қоныстану мәселелерін шұғыл шешу үшін облыстық жұмысшы комиссиясы құрылсын (қосымша №2).
Тармақ 3
3. Оралмандардың отбасыларын қабылдау мен жайғастыруға арналған шығындарды (бір жолғы жәрдемақылар, көлік шығындарын өтеу, тұрғын үй сатып алу, бейімделу бекетіне жайғастыру және ұйымдастыру шығындары) республика бюджетінен қаржыландырылатыны қатерге алынсын.
Тармақ 4
4. Қала және аудан әкімдері, облыстық көші-қон және демография басқармасы (Имашев М.) оралмандардың отбасыларын қабылдап, орналастыруды және олар үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Облыстық денсаулық басқармасы (Сағын Х.) оралмандар отбасыларына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық ішкі істер басқармасы (Мурзабаев Қ.) белгіленген орындарға жол жүргенде және орналасқан жерлерінде оралмандардың жеке және мүліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етсін.
Тармақ 7
7. Жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет (Жмыхов А.) белгіленген тәртіппен оралмандарға тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін бөлу, оралмандар орналасқан тұрғын үйлерді ақысыз иелену құқығын беру туралы мәселені шешсін.
Тармақ 8
8. Облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы (Қайрешев С.):
Тармақша 1
1) оралмандарға кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға, ұлттық қолөнер кәсібін жаңғыртуға, фермерлік және шаруа қожалықтарын ұйымдастыруға, жұмысқа орналасуына жәрдемдессін;
Тармақша 2
2) оралман отбасыларының құжаттарын щұғыл жүргізу үшін еріктілер ретінде студенттер мен зейнеткерлер қоғамдық жұмыстарға қатыстырсын.
Тармақ 9
9. Облыстық білім беру басқармасы (Еспосынова С.) оралмандардың білім және мамандық алуына, балаларының оқуына көмек көрсетсін.
Тармақ 10
10. Облыстық телерадиокомпания (Кожеков Ж.) оралмандарды қабылдауға үлкен қоғамдық мән берілсін.
Тармақ 11
11. Облыстық мәдениет басқармасы (Имангалиев Б.) салтанатты кездесу кештерін өткізіп, оларға жергілікті ақсақалдар, жастар, облыс, қала және аудан көлеміне танымал адамдар қатыстырылсын.
Тармақ 12
12. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Мұрсәлиеваға жүктелсін.
Басқа 15
Облыс әкімінің 2000 жылғы
9 тамыз № 552 шешіміне
№1-қосымша
Атырау облысы бойынша қоныстанушы оралмандардың 2000 жылға бөлінген көші-қон квотасы
Р/с
Көшіп келушілер орналастырылатын аудандар
Түркменстан
Өзбекстан
Барлығы
1
Атырау қаласы
10
10
2
Исатай
3
Жылой
10
10
4
Құрманғазы
5
Мақат
6
Индер
7
Қызылқоға
8
Махамбет
Барлығы
10
10
20
Басқа 16
Облыс әкімінің 2000 жылғы
9 тамыз № 552 шешіміне
№2-қосымша
Тарихи отанына оралуға тілек білдіруші отандастардың қоныстану мәселелерін шұғыл шешумен
айналысатын облыстық жұмысшы комиссиясының құрамы:
Мүрсалиева Тәсқира Қабиқызы - облыс әкімі орыебасары, төрайым;
Имашев Мақсот Имашұлы - облыстық көші-қон және демография басқармасы бастығы, төрайымның
орынбасары;
Садықов Кенжебай - көші-қон және демография басқармасының жетекші маманы, комиссия хатшысы
КОМИССИЯ МҮШЕЛЕРІ:
Қайрешов Сағын Мұратұлы - облыстық еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау
басқармасының бастығы
Мырзабаев Қайырғали Жұмабайұлы - облыстық ішкі істер басқармасының бастығы
Жмыхов Анатолий Александрович - жер ресурстарын басқару жөніндегі комитет төрағасы
Сағын Халел - облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы
Еспосынова Светлана Бағытқызы - облыстық білім басқармасының бастығы
Сабыров Өтеген Имматұлы - Атырау облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» МК директоры