О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы от 17 апреля 2001 года N 02-2-4/67 "Об утверждении Инструкции, Программ тестирования и Пороговых значений результатов тестирования кандидатов на занятие вакантных административных государственных должностей" Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу Нұсқауын, Программасын және тестiлеу Нәтижелерiнiң шекаралық мәндерiн бекiту туралы" 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67 бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
Әкiмшілiк мемлекеттiк лауазымдардың бос орындарына орналасуға конкурстық iрiктеу өткiзу кезiнде тестiлеу рәсiмiн бұдан әрi жетiлдiру және конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарды жоғарылату мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Бос әкiмшілiк мемлекеттiк лауазымдарға
орналасуға үміткерлердi тестілеу нұсқауын, программасын және тестiлеу нәтижелерiнiң шекаралық мәндерiн бекiту туралы" (бұдан әрi - Бұйрық) 2001 жылғы 17 сәуiрдегi N 02-2-4/67 бұйрығына келесi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) 1 тармақтың:
2 тармақшасындағы:
"В-1, В-2, В-3, С-1, С-2, С-3" санаттары алынып тасталынсын; "А-4, А-5" санаттарымен толықтырылсын;
3 тармақшасындағы "А-4, А-5, В-4, В-5" санаттары алынып тасталынсын;
Тармақша 2
2) келесi мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
"8) В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3 санаттарының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестілеу программасын (8 Қосымша)";
Тармақша 3
3) Жоғарыда аталған Бұйрықпен бекiтiлген бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеуден өткiзу жөнiндегi нұсқауында (1 Қосымша):
4.1 тармақтағы "заңнама -" сөзiнен кейiн "90 минут (120 сұрақ), 75 минут (100 сұрақ)" сөздерiмен толықтырылсын;
Тармақша 4
4) Бұйрықтағы 2 қосымша 1 қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда берiлсiн;
Тармақша 5
5) Бұйрықтағы 3 қосымшадағы:
"А-4, А-5, В-4, В-5" санаттары алынып тасталынсын;
Тармақша 6
6) Бұйрықтағы 4 қосымша 2 қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда берiлсiн;
Тармақша 7
7) Бұйрықтағы 7 қосымша 3 қосымшаға сәйкес жаңа мазмұнда берiлсiн.
Тармақ 2
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi агенттiгi төрағасының орынбасарына Ғ.Р. Әбдiрахымовқа жүктелсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрық тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.
Басқа 11. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 19 қарашаның
N 02-2-4/167 бұйрығына
1 қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 17 сәуiрдегi
N 02-2-4/67
бұйрығына 2 қосымша
А-1, А-2, А-3, А-4, А-5 санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы
Осы программа тесттiң екi түрiнен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге және логикалық тестіден тұрады.
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Конституциялық заңын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын бiлуге арналған 120 сұрақ енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестілеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа жауап беруi қажет.
Тармақша 2
2) Логикалық тест адамның күрделi жұмыстарды орындаудағы ептiлiгiн және оның интеллектуалдық мүмкiндiгiн сипаттайтын логикалық ойлау оперативтiлiк қабiлеттiлiгiн айқындайды.
Басқа 14. D-1, D-2, Е-1, Е-2 санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 19 қарашаның
N 02-2-4/167 бұйрығына
2 қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 17 сәуiрдегi
N 02-2-4/67
бұйрығына 4 қосымша
D-1, D-2, Е-1, Е-2 санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы
Осы программа Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге арналған тестiден тұрады.
Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын , Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" заңын , Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын бiлуге арналған 100 сұрақ енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi өткiзудi пайдалану кезiнде сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген жоғарыда аталған нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа жауап беруi қажет.
Басқа 15. Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестілеу нәтижелерiнің шекаралық мәнi
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 19 қарашаның
N 02-2-4/167 бұйрығына
3 қосымша
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 17 сәуiрдегi
N 02-2-4/67
бұйрығына 7 қосымша
Бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестілеу нәтижелерiнің шекаралық мәнi
Тармақ 1
1. А-1, А-2, А-3, А-4, А-5, В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3, D-1, D-2, Е-1, Е-2 санаттары үшiн Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестi бойынша шекаралық мәнi әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 70%, басқа санаттар үшiн әрбiр нормативтiк құқықтық актiлер бойынша кем дегенде 50% дұрыс жауаптардан құрылады.
Тармақ 2
2. Логикалық тест бойынша шекаралық мән белгiленбейдi.
Басқа 18. В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3 санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк қызмет iстерi
жөнiндегi агенттiгi төрағасының
2001 жылғы 19 қарашаның
N 02-2-4/167 бұйрығына
8 қосымша
В-1, В-2, В-3, В-4, В-5, С-1, С-2, С-3 санаттарына бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға үмiткерлердi тестiлеу программасы
Осы программа тесттiң екi түрiнен құрылады: Қазақстан Республикасы заңдарын бiлуге және логикалық тестіден тұрады.
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы" заңын, Қазақстан Республикасының "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" заңын бiлуге арналған 120 сұрақ енгiзiлген.
Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тестiлеудi
өткiзудi пайдалану кезiнде үмiткер Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша 40 сұраққа, қалған сұрақтар тiзбесiнен iрiктелген нормативтiк құқықтық актiлердiң әрбiрi бойынша үмiткер 20 сұраққа жауап беруi қажет.
Тармақша 2
2) Логикалық тест адамның күрделi жұмыстарды орындаудағы ептiлiгiн және оның интеллектуалдық мүмкiндiгiн сипаттайтын логикалық ойлау оперативтiлiк қабiлеттiлiгiн айқындайды.