О внесении дополнений в Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2002 года N 873 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы
Қаулы етемін:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерінде:
2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қабылданып қойылған заң жобалары жұмыстарының жоспарларына енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулар Мемлекет басшысымен не оның тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен міндетті түрде келісуге жатады.";
6-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Президент Әкімшілігіне алдын ала келісуге ұсынылатын заң жобалары мемлекеттік органдар арасындағы келіспеушіліктер жойылғаннан кейін және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері тиісті сараптама жүргізгеннен кейін ғана енгізіледі.".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.