О внесении изменений и дополнений в решение Атбасарского районного маслихата от 17 мая 2002 года № С 19/7 «О порядке и размере оказания малообеспеченным семьям /гражданам/ помощи на оплату содержания жилья и потребления коммунальных услуг в городе и районе», зарегистрированного в Управлении юстиции Акмолинской области за № 1136 от 30.05.2002 г Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.03.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атбасар аудандық мәслихатының 2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық қызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешіміне, Ақмола облыстық әділет Басқармасында 30.05.2002ж. №1136 тіркелген, өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және 16.02.2006г. аудан әкімінің № 01-180 ұсынысы негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Атбасар аудандық мәслихатының 2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына/азаматтарға/тұрғын үй мен коммуналдық кызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешіміне, Ақмола облыстық әділет Басқармасында 30.05.2002ж. №1136 тіркелген, «Простор» газетінде 2003 жылғы 17 қаңтарда жарияланған, келесідей өзгерістермен: 2003 жылғы 3 қазандағы № С 2/2 шешімімен (15.10.2003ж. №2057 тіркелген), 2004 жылғы 27 тамыздағы № С 13/3 шешімімен (13.09.2004ж. №2779 тіркелген), 2004 жылғы 26 қарашадағы № С 14/2 шешімімен (10.12.2004ж. № 2932 тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) Атбасар аудандық мәслихатының 2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық кызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешіміне «Қаукарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй ұстауға /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық қызметке төлемақы Ережесі» 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім Ақмола облысы әділет Департаменті Атбасар ауданының әділет Басқармасында мемлекеттік тіркелгеннен соң және ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді. Келісілген: Лауазымы Т.А.Ә. Күні Қолы Мер Аудан әкімі Ахмедиянов Қ.Ұ. 3.03.2006ж. Атбасар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар бөлімінің меңгерушісі Төлегенова Ә.К. 3.03.2006ж.
Басқа 4
Атбасар аудандық мәслихатының 2006 жылғы 3 наурыздағы «Атбасар аудандық мәслихатының 2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық кызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № С 27/5 шешімімен БЕКІТІЛГЕН 1 қосымша Атбасар аудандық мәслихатының 2002 жылғы 17 мамырдағы «Қалада және ауданда қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй мен коммуналдық кызметке төлем көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы» № С 19/7 шешімімен БЕКІТІЛГЕН 1 қосымша Қауқарсыз отбасыларына /азаматтарға/ тұрғын үй ұстауға /жеке тұрғын үйден басқа/ және коммуналдық кызметке төлемақы ЕРЕЖЕСІ
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Тұрғын үйлік көмек - тұрғын үйді ұстауға /жеке тұрғын үйден басқа/, коммуналдық тұтыну кызметтері мен байланыс кызметінің төлемдері бойынша шыгынды өтеу үшін азаматтарға берілетін өтемақы. Тұрғын үйлік көмек әлеуметтік қорғаудың бір түрі болып табылады және «Жер қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі және «Халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 1999 жылғы 16 қарашадағы № 477-1 Заңдарымен қарастырылған.
Тармақ 2
2. Тұрғын үйлік көмек Атбасар қаласы мен Атбасар ауданы аумағының тұрақты тұрғындарына, тұрғын үйдің меншік иелері немесе пайдаланушылары /жалдаушылары/ болып табылатындарға, ол мынадай жағдайда, егер олардың тұрғын үйлік /жеке тұрғын үйден басқа төлем ақылары және коммуналдық кызметтерді тұтыну деңгейі осы мақсаттағы шығыстар шегінен аспаған жағдайларда беріледі. Берілген шектегі тұрғын үйлік /жеке тұрғын үйден басқа/ қызметтер мен коммуналдық қызметтерді пайдалану отбасыларының жиынтық кірісінің 15 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Белгіленген нормадан жоғары тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұрғын үй қызметтерін тұтыну төлемақылары жалпы негізде жүргізіледі. Телефон үшін абоненттік төлем тарифін көтеру төлемақысы әлеуметтік қорғалған, тұрғын үйлік көмек алушыларға, қалалық телекоммуникация торабының абоненті болып табылатын азаматтарға беріледі.
Тармақ 3
3. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етілетін көлемнің нормасы 1 адамға 18 шаршы метрді құрайды. Өтемақыларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй көлемінің нормасы жалғыз басты азаматтар үшін 30 шаршы метр, бір бөлмелі пәтерден кем емес. Коммуналдық кызметтерді тұтыну нормативтері (сумен жабдықтау, газбен. кәріз су арнасы, жылу қуаты, электр қуаты. қоқыс шығару) шығындарын өтеу нақты түрдегі шығыстар бойынша жүргізіледі, бірақ бекітілген коммуналдық кызметтерді тұтыну нормативінен (ҚМмЕ) артық болмауы керек.*
Тармақ 4
4. Жеке меншігінде бірнеше тұрғын үйлері /пәтерлері, үйлері/ бар немесе тұрғын үйлерді жалға берушілер тұрғын үйлік көмек алу құқықтарын жоғалтады. Егерде отбасының еңбекке жарамды кісілері болса, бірақ жұмыс істемейтін немесе оқымайтын, әскер қатарында кызмет атқармайтын және жұмыспен қамту орталығында жұмыссыз деген атағы жоқ, мүгедек балалар күтумен айналысатындар немесе 3 жасқа дейінгі бір немесе бірнеше бала тәрбиелеумен айналысатындар. сондай-ақ төрт және одан да көп балалары бар, бірінші сынып оқитындардан (9 жасқа дейінгілер) соңғысына дейін, онда отбастарының тұрғын үйлік көмек алуға құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Дау, талас немесе стандартқа сай емес жағдайларда тұрғын үйлік көмек белгілеу туралы сұрақ шешімі жергілікті өкілетті және атқару органының қызметкерлерінен құралған аудан әкімі аппаратының жанындағы арнайы комиссияның қарауына берілуі мүмкін.
Тармақ 6
6. Тұрғын үйлік көмекті алушылар 10 күн ішінде өз меншігіндегі тұрғын үйдегі кез келген өзгерістер бойынша мәлімдемелерді, оның жалпы кірісі және дұрыс саналмаған көмек жайлы мәліметтерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне беріп тұрулары керек. Әлеуметтік қорғау органдарына жалған мәліметтер бергені үшін оның аркасында жоғары немесе заңсыз өтемақылар төленсе, меншік иесі /жалға алушы/ жолыккан кезден бастап бір жыл ішінде тұрғын үйлік көмек алу құқығынан айрылады, ал алынған тұрғын үйлік көмек толық мөлшерде белгіленген заң тәртібімен қайтарылуы тиіс
Тарау 2. 2. Тұрғын үйлік көмекті белгілеу және төлеу.
2. Тұрғын үйлік көмекті белгілеу және төлеу.
Тармақ 7
7. Тұрғын үйлік көмектер тоқсан сайын белгіленеді, есептеу ағымдағы тоқсанға жүргізіледі, бүл кезде өткен тоқсандағы отбасының кірістері мен коммуналдық кызмет шығындары /от жағу шығындарын есептемегенде/ есепке алынып, ал от жағу шығыстары нақты төлем бойынша келесі есеп аудару есебімен жоспарлы ақша аударумен алынады. Тұрғын үйлік көмек мөлшері тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұтыну қызметтерінің нақты есептелген төлемінің сомасын өсіре алмайды. Тұрғын үйлік көмек мөлшері абоненттік төлем тарифін көтеру бөлігінде телефон үшін абоненттік төлем айырмашылығын өсіре алмайды. Тұрғын үйлік көмек құжат тапсырған бірінші айдан бастап тағайындалады, көмек алу бойынша бөлім есебінде бұрыннан тұрған ағымдағы тоқсан үшін, егер ағымдағы тоқсан ішінде ресімделіп үлгерсе. Әр отбасының тұрғын үйді ұстауға төлемақыларының тиісті шектелген шығыс мөлшерін және коммуналдық қызметтер тұтыну үлесінің өзгеруіне байланысты отбасының кірістері және коммуналдық кызметтеріне бұрынғы белгіленген соманы қайтадан есептейді.
Тармақ 8
8. Тұрғын үйлік көмек тұрғын үйдің меншік иесінің (жалға алушының) өтініші және оған тіркелген құжаттар негізінде тағайындалады: жеке куәлігі, СТН, отбасының құрамы мен тұрғылықты мекен жайын куәландыратын анықтама, пәтердің құқықтығын куәландыратын құжаттар (техникалық паспорты, жекешелендіру, айырбас, сатып алу, сыйға алу, жалдау ж.б келісім шарттары), отбасының барлық мүшелерінің кірісі туралы анықтама (жалақы төлемі, стипендия, алимент, мемлекеттік зейнетақы, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, мемлекеттік арнайы жәрдемақы көлемдері туралы), жер учаскесі және жеке қосалқы шаруашылық туралы мәлімет, тіркелген меншік туралы жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі Орталык филиалының анықтамасы (арызды бірінші рет бергендер үшін), коммуналдық кызмет төлемдерінің түбіртегі, шарт, телекоммуникация қызметтерінің түбіртегі. Меншік иелері (жалға алушылар) ПИК үйлерінде тұратындар өтінішке № 2 форманы ұсынады («Тұрғын үй ұстауға және коммуналдық кызметтер төлемі бойынша шығындар туралы» мәліметі), № 3 (Отбасының құрамы және тұрғын үйдің алып тұрған пайдалы аумағының көлемі туралы» анықтама) ПИК қойылған қолымен және мөрімен расталған және кіретін кірістері туралы құжаттар.
Тармақ 9
9. Тұрғын үйлік көмектің мөлшері жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен белгіленеді, өтініш берушіден құжаттар алынғаннан күннен бастап 10 күн ішінде қаралып, содан кейін тағайындау немесе бас тарту туралы шешімі шығады.
Тармақ 10
10. Ақпараттың дұрыстығына күмән туындаған жағдайда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі сұрауға құқылы, ал заңды және қарапайым тұлғалар тұрғын үйлік көмегін алуға талап ететін тұлғаның кірісі туралы ақпарат ұсынуға міндетті.
Тармақ 11
11. Тұрғын үйлік көмектің мөлшері меншік иесінің (жалға алушының) нақты төлемінің айырмашылығы ретінде есептеледі, төлемақы шараларымен қамтамасыз етілетін тұрғын үй аумағының нормасы шегінде тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұтыну кызметі үшін және отбасының осы мақсаттарға шығындарының болуы мүмкін деңгейінің шегінде. Абоненттерге телефон үшін абонент төлемінің тарифін көтеру төлем ақысы тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық тұтыну кызметтерінің шығын сомасына телефон үшін абоненттік төлем көтеру айырмашылығын енгізу жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 12
12. Тұрғын үйлік көмек ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үйлік көмек ақшалай төлем түрінде белгіленеді. Тұрғын үйлік көмек төлемі бір тоқсанға толық жүргізіледі (құқығы болған кезде), келесі айлар өтініштің түсуіне байланысты. Тұрғын үйлік көмектің төлемі Халық банкі арқылы азаматтың шотына салымы бойынша ақшасын аудару жолымен, ал селолық орындардағы алушыларға осы мақсаттарға аудандық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен тізім бойынша пошта бөлімшесі арқылы жүргізіледі. Тұрғын үйлік көмектің тәртібі мен төлем жағдайы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Халық банкімен, сондай-ақ аудандық пошта байланысының торабымен бекіткен агенттік келісімдермен анықталады.
Тарау 3. 3. Тұрғын үйлік көмекті қаржыландыру көздері.
3. Тұрғын үйлік көмекті қаржыландыру көздері.
Тармақ 13
13. Барлық меншік түріндегі үйлерде тұратын тұлғаларға тұрғын үй төлемақы көмектерін төлеу аудандық бюджет қаржысы есебінен жүргізіледі, телефон үшін төлемақы бөлігінде телефон үшін қаржы Республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
Тармақ 14
14. Тұрғын үйлерді ұстауға нормативті есептік шығыстарды белгілеу және коммуналдық кызметтерді беру өкілетті органның бақылауымен жүргізіледі.
Тармақ 15
15. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тағайындалған жәрдемақы сомасын көрсетіп тұрғын үй көмегін алушылардың тізімдерін жасайды және эр ай сайын өтеу үшін аудандық қаржы бөліміне мәлімдеме дайындайды, сондай-ақ тұрғын үй көмегі туралы есеп береді.
Тармақ 16
16. Аудандық қаржы бөлімі ай сайынғы берген мәлімдемелері негізінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін аудандық бюджетте қаралған ассигнования есебінен қаржыландырады.
Тармақ 17
17. Дұрыс рәсімделмеген құжаттар үшін, заңсыз төленген тұрғын үйлік көмекке лауазымдық тұлғалар кінәлі және солардың кінәсінен болғандықтан, олар белгіленген заң тәртібімен жауапкершілікте болады. * Сілтеме: құрылыс мөлшері мен ережесі