О внесении изменений в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 17 июля 2002 года № 251-I "Об утверждении Правил выдачи Свидетельства о страховании или ином финансовом обеспечении гражданской ответственности за ущерб от загрязнения нефтью" Қолданыста
Басқа 0
«Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 177-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2002 жылғы 17 шілдедегі № 251-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1956 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Мұнаймен ластанудан болатын залал үшiн азаматтық жауапкершiлiктi сақтандыру немесе өзге де қаржымен қамтамасыз ету туралы куәлiктi беру ережесiнде:
10-тармақта:
екінші бөліктегі «мiндеттi түрде қайтаруға жатады» деген сөздер «қайтарылады»;
үшінші бөлікте:
бірінші сөйлемдегі «он» деген сөз «бес жұмыс» деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі «міндетті» деген сөз алып тасталсын;
13-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он» деген сөз «бес жұмыс» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақтың бірінші бөлігіндегі «он» деген сөз «бес жұмыс» деген сөздермен толықтырылсын;
17-тармақтағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздерімен ауыстырылсын;
18-тармақтағы «бас тартылуы мүмкін» деген сөздер «бас тартылады» деген сөздерімен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаменті (Искакбеков А.Ә.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрі
Н.С. Әшімов _________________
2011 жылғы 24 наурыз