О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 17 мая 2002 года № 873 Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы № 873 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
"Президент пен Үкімет актілерінің
жинағында" жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 17 мамырдағы N 873 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 15, 157-құжат; 2004 ж., N 33, 438-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалары жұмыстарының жоспарларын Қазақстан Республикасының Президентімен және Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне Үкімет енгізетін заң жобаларын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу ережелерінің 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігі көрсеткен ескертулерді жойғаннан, не заң жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен пайда болған келіспеушіліктерді жойғаннан кейін Үкімет заң жобаларын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізеді.".
Тармақ 2
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.