О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившим силу постановления Правительства Республики Казахстан от 17 января 2003 года N 35 Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 35 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
Тармақша 1
1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі N 405 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы 1999 ж., N 13, 124-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердің тiзбесiнде: "Астана қаласы" деген бөлiмде "Елорда" баспасы" ААҚ" деген реттiк нөмiрi 21-29-жол алынып тасталсын;
Тармақша 2
2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына : көрсетiлген қаулымен бекiтiлген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде: "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген бөлiмде: реттік нөмiрi 224-18-жол алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. "Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiнiң "Елорда" Ақмола мемлекеттiк баспасы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 қаңтардағы N 35 қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 1, 13-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі