О внесении изменений в приказ Председателя Агентства таможенного контроля Республики Казахстан от 17 мая 2003 года № 213 "О проверках участников внешнеэкономической и иной деятельности в сфере таможенного дела" Күшін жойған
Басқа 0
"Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 213 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 459 , 459-1-баптарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. "Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 17 мамырдағы № 213 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2338 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде" жарияланған, 2004 жыл, № 37-40, 1016-бет) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру ережесінде:
бүкіл мәтін бойынша "Агенттік" деген сөз "Уәкілетті орган" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақтағы "Бұл ретте, осы Ережемен белгіленген талаптар лицензиаттардың Кеден кодексімен белгіленген біліктілік талаптарын сақтауы бөлігінде кедендік бақылау жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыратын іс-шараларға таратылмайды" деген сөздері алынып тасталсын;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Кеден ісі саласындағы сыртқы экономикалық және өзге де қызметтерге қатысушыларды тексеру Кеден кодексінің 459, 459-1 баптарында көзделген негіздер және кезеңділік бойынша жүргізіледі";
8-тармақтағы "Агенттік" деген сөз "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет)" деген сөздермен ауыстырылсын;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ұйғарым Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін тіркеу тізілімінде № 2744 болып тіркелген "Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулерін ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2004 жылғы 1 наурыздағы № 12 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2744 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Шаруашылық субъектілердің барлық тексерулердің ақпараттық есепке алу құжаттарын ұсыну, тіркеу және жүргізу туралы нұсқауға 2-қосымшасымен бекітілген нысаны бойынша Шаруашылық субъектілердің қызметін тексерулерді, ф.-1П карточкаларын және оларға талон қосымшаларын тағайындау туралы актілерді тіркеу журналында тіркелуі қажет.".
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Посткедендік бақылау басқармасы (Д.Т. Мамашева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Ұйымдастырушылық жұмыс және бақылау басқармасы (К.И. Махамбетов) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Т.И. Сунтаевқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.