О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Акмолинской области от 17 февраля 2003 года № а-2/53 «О Дисциплинарном совете Акмолинской области», зарегистрированное управлением юстиции Акмолинской области 11 марта 2003 года № 1606 Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылдың 11 наурызында тіркелген №1606 Ақмола облыс әкімдігінің 2003 жылғы 17 ақпандағы № а-2/53 «Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 мамырдағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 13 желтоқсандағы № 1311 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізі туралы» қаулысына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облыс әкімдігінің 2003 жылғы 17 ақпанда № а-2/53 «Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы» қаулысына (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылдың 11 наурызында тіркелген № 1606) келесі өзгерістер мен толықтырулар еңгізілсін:
Тармақша 1
1) Аталған қаулымен бекітілген Ақмола облысының Тәртіптік кеңесі туралы Ережеде:
мәтіндегі «Комиссияға», «Комиссияны», «Комиссиямен» деген сөздер «Агенттікке», «Агенттікті», «Агенттікпен» деп өзгертілсін;
1 тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын сақтау жөніндегі комиссия» (бұдан әрі - Комиссия) деген сөздерді «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі Агенттігі қадағалап, тексеріп отырады» деп өзгертілсін (бұдан әрі - Агенттік);
3 тармақта:
1 тармақшадан «және ұйымдар» деген сөздер алынып тасталсын;
«бұдан әрі - мемлекеттік органдар» деген сөздерден кейін «және мемлекеттік ұйымдар» деген сөздер қосылсын;
3 тармақшада «тапсырмалар» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын сақтау жөніндегі комиссия және» деген сөздер қосылсын;
5 тармақша алынып тасталсын;
4 тармақтың бірінші абзацынан «8» цифры алып тасталсын;
абзац «Кеңес мүшелерінің саны дақ болсын және 7 кем болмасын» деген сөйлеммен толықтырылсын;
екінші абзацта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Агенттіктің төрағасы» деп өзгертілсін;
8 тармақта:
6 тармақшадан «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жөніндегі» деген сөздер алынып тасталсын;
мына мазмұнда 8-1 тармағы қосылсын:
«8-1. Кеңестің жұмыс органы өзінің құзырына сәйкес Кеңсе төрағасының өкімімен тексерістер өткізіп осы Ереженің 9 тармағында көрсетілген тәртіптік істерді қарау үшін материалдар дайындайды және Кеңестің алдында тұрған мақсаттарға байланысты басқа да функцияларды атқарады»
9 тармақта «С, Д және Е категория топтары (С-1, С-2, С-3, орталық атқару және басқа да орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының қызметкерлерінен басқа)» деген сөздер «орталық мемлекеттік органдардың аймақтық құрылымдары және жергілікті соттардың кеңселері (басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа), жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдар» деп өзгертілсін;
10 тармақта «тапсырма» деген сөзден кейін «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік этикасын сақтау жөніндегі комиссия және» деген сөздер қосылсын;
11 тармақта:
бірінші абзацта «үшапталық мерзімде» деген сөздер «екі аптаға дейінгі мерзімде» деп өзгертілсін;
екінші абзац төмендегі редакцияда берілсін:
«Тәртіптік іс Кеңес отырысында қаралғанша алдын ала, бір ай бұрын оның хатшылығы тексеріс жүргізеді. Тексеріс барысында іске қатысты жағдайлар, мәліметтер зерттеледі, тәртіптік жауапкершілікке тартылып отырған тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алынады. Кеңестің отырысында қаралатын тәртіптік іс әдетте олардың қатысуымен қаралады»;
12 тармақтың 1 тармақшасы төмендегі редакцияда берілсін:
«1) мемлекеттік органдар мен мемлекеттік ұйымдардың басшыларына осы Ереженің 9 тармағында көрсетілген тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану ұсынылсын»;
14 тармақтан «сотта» деген сөз алынып тасталсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы Ақмола облыстық әділет басқармасында тіркелген күннен бастап өз күшіне енеді, жариялануға тиісті