О внесении изменении в постановление акимата Акмолинской области от 17 марта 2003 года № а-3/96 «О бюджетной комиссии области», зарегистрированное в управлении юстиции 17 апреля 2003 года за №1714 Күшін жойған
Басқа 0
Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 17 сәуірде № 1714 бойынша тіркеуден өткен Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № а-3/96 «Облыстың бюджеттік комиссиясы туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 20 наурыздағы № 1315 «Ақмола облысының әкімі етіп М.Т.Есенбаевты тағайындау туралы» Жарлығына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ақмола облысы әкімдігінің 2003 жылғы 17 наурыздағы № а-3/96 «Облыстың бюджеттік комиссиясы туралы» (Ақмола облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 17 сәуірде №1714 бойынша тіркеуден өткен, 2003 жылғы 15 шілдеде «Акмолинская правда» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
Ақмола облысы әкімдігінің жоғарыда аталған «Облыстың бюджеттік комиссиясының құрамы» қаулысына қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Бюджеттік комиссияның дербес құрамына енгізілген өзгерістер облыстық мәслихаттың сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының күші 2004 жылғы 18 мамырда қалыптасқан құқықтық қатынастарға таралады.
Тармақ 4
4. Осы қаулы Ақмола облысының әділет Департаментінде тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және жарияланылуы тиіс.
Басқа 5
Ақмола облысы әкімінің 2004
жылғы 19.05. №а-5/114
қаулысына қосымша
Ақмола облысы әкімдігінің
2003 жылғы 17 наурыздағы
№ а-3/96 «Облыстың бюджеттік
комиссиясы туралы»
қаулысына қосымша
Облыстың бюджеттік комиссиясының құрамы
Есенбаев Мәжит Түлеубекұлы
- Ақмола облысының әкімі
Комиссия төрағасы
Наймушина Ольга Вадимовна
- Ақмола облысы әкімінің орынбасары
Төрағаның орынбасары
Савицкий Дмитрий Емельянович
- Ақмола облыстық қаржы басқармасының бастығы
Төрағаның орынбасары
Мәлгәждәров Бауыржан Бағдатұлы
- Ақмола облыстық қаржы басқармасы бөлімінің бастығы
Комиссия хатшысы
Комиссияның мүшелері:
Әлиев Жанабай Рақышұлы
- Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары
Сахнова Валентина Ивановна
- Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Тақамбаев Мұратбек Шәмілұлы
- Ақмола облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары
Исмайылов Зикен Ауданбайұлы
- Ақмола облыстық Қазнашылық басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Жанғұразов Ибрагим Дәуітұлы
- Ақмола облыстық мәслихатының экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Аяғанов Серік Ақпенұлы
- Облыстық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқық тәртібі жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы (келісім бойынша)
Марченкова Галина Альбертовна
- Облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрайымы (келісім бойынша)
Күзембаева Маржан Бопайқызы
- Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті қолдау басқармасының бастығы
Сатпаев Болат Темірханұлы
- Ақмола облысы бойынша салық Комитетінің төрағасы (келісім бойынша)