О внесении дополнений в постановление областного акимата от 17 февраля 2003 года № 52 «О проведении инвентаризации недвижимого имущества» Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Облыс әкімиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы № 52 «Жылжымайтын мүлікті түгендеуді жүргізу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы Облыс бюджетінің салық салынатын базасын кеңейтуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысшы тобы отырысының 2003 жылғы 18 сәуірдегі №2 хаттамасының 4 тармағын орындауда және жылжымайтын мүлікті түгендеу бойынша шаралардың нәтижелі жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында, облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкімиятының 2003 жылғы 17 ақпандағы №52 "Жылжымайтын мүлікті түгендеуді жүргізу туралы" (Атырау облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 7 наурызда №1338 тіркелген) қаулысының 1 тармағы мына мазмұндағы мәтінмен толықтырылсын: "Комиссияның жұмысшы органы болып Атырау облысының коммуналдық меншік басқармасы белгіленсін. Комиссияның жұмысшы органы жоғарыда көрсетілген қаулының жүзеге асырылуына ай сайын мониторинг жүргізсін және қорытындыланған ақпаратты комиссияға есепті айдан кейінгі айдын 10-шы жұлдызынан кешіктірмей берсін.".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.К.Нокинге жүктелсін.