О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июня 2003 года № 572 Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Мемлекеттiк органдардың шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне тексерулер жүргiзу ережесін бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., № 27, 254-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсін: 2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; көрсетілген қаулымен бекiтiлген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiне мемлекеттік органдардың тексерулер жүргiзу ережесінде: мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын: "8-1. Адам саны 10-нан аспайтын Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн салық органдарын қоспағанда, сондай-ақ қылмыстық iстер қозғалғаннан басқа жағдайларда, мемлекеттiк бақылаушы органдар ең жиi дегенде үш жылда бiр рет тексеруi мүмкiн. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қаржы-шаруашылық қызметiн тексеруді уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жылына бiр реттен жиi жүргiзбейдi."; 9-тармақтағы "30" деген сандар "15" деген сандармен ауыстырылсын; 14-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шағын кәсiпкерлiк субъектiсiнiң аумағына немесе үй-жайына кiру үшiн қажет болса, арнайы рұқсаттарды;"; 16-тармақ алынып тасталсын; 19-тармақтағы "осы Ереженің 3-тармағында" деген сөздер "Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын: "19-1. Түпнұсқа бухгалтерлiк және өзге де құжаттарды алып қою мен алуға тыйым салынады. Ерекше жағдайларда олар жасалатын құқық бұзушылықтың алдын алу шарасы ретiнде не қылмыстық iс бойынша дәлел ретiнде рұқсат етіледi."; 24-тармақ: "шаралар" деген сөзден кейiн "және мерзiмдер" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Шағын кәсiпкерлiк субъектілерi актiнiң қандай ережелерiмен өздерiнiң келiспейтiндiгiн актіде көрсетуге құқылы."; 25-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: "25. Тексерулер аяқталғаннан кейiн мемлекеттiк бақылаушы органдардың қызметкерлерi шағын кәсiпкерлiк субъектiсiндегi Келушілердi есепке алу кiтабына тексеру жүргiзушiнiң лауазымын, тегiн, тексерудiң мақсаты мен нәтижелерiн көрсете отырып, белгi қояды.";
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс.