О внесении изменений и дополнений в постановления акимата Федоровского района Костанайской области от 17 марта 2003 года № 59 «О Правилах оказания единовременной материальной помощи отдельным категориям граждан на 2003 год» Қолданыста
Басқа 0
«Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2003 жылға арналған Ережесі туралы» Қостанай облысы Федоров ауданы әкімиятының 2003 жылғы 17 наурыздағы № 59 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес Федоров ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Федоров ауданы әкімиятының 2003 жылғы 17 наурыздағы № 59 «Азаматтардың жекелеген санаттарына бір жолғы материалдық көмек көрсетудің 2003 жылға арналған Ережесі туралы» қаулысын «Жалпы жағдай» 1-бөлімінің 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін, келесі редакцияда баяндалсын.
"2. Бір жолғы материалдық көмек азаматтардың келесі санаттарына беріледі:
1) 1, 2 және 3-топтағы мүгедектерге, Чернобыль атомдық электр станциясы апатын жою жөніндегі жұмыстарға байланысты мүгедек болып қалғандарға 20 есеп көрсеткіштің мөлшерінде;
2) 16-жасқа дейінгі мүгедек балаларға мүгедектер Күніне арналып 500 теңге мөлшерінде;
3) табысы аз, жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегінен аспайтын және басқармада есепте тұрған емделуге мұқтажды отбасыларының азаматтарына;
4) туберкулезбен ауыратындар, емделуге мұқтажды азаматтар".
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары В.Н. Заверухаға жүктелсін.