О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 июля 2003 года № 701 «Об утверждении Правил определения размеров ущерба, который нанесен или может быть нанесен национальной безопасности Республики Казахстан или интересам государственных органов и организаций вследствие разглашения или утраты сведений, составляющих государственные секреты, а также ущерба, наносимого собственнику носителей сведений в результате их засекречивания» Қолданыста
Басқа 0
«Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі № 701 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау қағидаларын бекiту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiліп отырған Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау қағидалары бекiтiлсiн.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiне немесе мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерiне келтiрiлген немесе келтiрiлуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәлiметтер көздерiнiң иесiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн анықтау ережесi осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 17 шілдедегі
№ 701 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау қағидалары
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзiрлендi.
Тармақ 2
2. Осы Қағидалар мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария ету немесе жоғалту салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның, сондай-ақ мәліметтер көздерінің иесіне оларды құпияландыру салдарынан келтірілетін зиянның мөлшерін айқындау (бұдан әрi – зиянның мөлшерiн айқындау) тәртiбiн белгілейдi.
Тармақ 3
3. Зиянның мөлшерiн айқындауды мемлекеттiк органның немесе ұйымның мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiнде тұрақты жұмыс iстейтiн комиссиясы (бұдан әрi – ТЖК) басшысына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары болып табылатын мәлiметтерге билiк ету жөнінде өкілеттік берiлген мемлекеттiк орган әзiрлейтiн зиянның мөлшерiн айқындау әдiстемесi бойынша жүргiзедi. Зиянның мөлшерiн айқындау әдiстемелерiн мемлекеттiк органдар өздерінің қызмет ерекшеліктерiн ескере отырып әзiрлейдi.
Ұйымда ТЖК болмаған жағдайда зиянның мөлшерiн айқындауды мәліметтер жоғалған немесе жария етілген ұйым басшысының бұйрығымен құрылатын сараптау комиссиясы (бұдан әрi – сараптау комиссиясы) жүргiзедi.
Тармақ 4
4. Сараптау комиссиясы ұйымның құзыреттi мамандары қатарынан құрылады, оның құрамына мемлекеттiк құпияларды қорғау бөлiмшесінiң қызметкерi қосылаады.
ТЖК-ның немесе сараптау комиссиясының отырыстарына басшысына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк құпиялары болып табылатын мәлiметтерге билiк ету жөнiнде өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органның өкілін тартуға жол беріледі.
ТЖК немесе зиянның мөлшерiн айқындау жөнiндегi сараптау комиссиясының отырыстарына Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының осы мемлекеттiк органның немесе ұйымның қызмет бағыттары бойынша арнайы танымдары бар өкілдерін, сондай-ақ құпия жұмыстарға тапсырыс берушілерді тартуға жол беріледі.
Тармақ 5
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ТЖК немесе сараптау комиссиясы мүшелерiнiң, соның iшiнде отырыстарға тартылатын мамандардың мемлекеттiк құпияларға тиiстi нысандағы рұқсаты болуға тиiс.
Тармақ 6
6. Мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту салдарынан зиян келтiрілген немесе келтiрiлуi мүмкiн Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi, сондай-ақ мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың мүдделерi «Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi туралы», «Мемлекеттiк құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес айқындалады.
Тармақ 7
7. Мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту фактiсi заңнамада белгiленген тәртiппен жүргiзілген қызметтік тергеп-тексеру материалдарымен расталуға тиiс.
Мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтердi жария ету немесе жоғалту фактiсi бойынша қызметтік тергеп-тексеру жүргізу барысында не басқа мемлекеттiк органдардан немесе ұйымдардан осындай хабарлама келiп түскен кезде, сонымен қатар сот немесе қылмыстық қудалау органдарының қаулысы (тапсырмасы) бойынша мемлекеттiк органның немесе ұйымның басшысы мәлiметтердi жоғалтудан немесе жария етуден болған зиянның мөлшерiн айқындауды ТЖК-ға немесе сараптау комиссиясына тапсырады.
ТЖК немесе сараптау комиссиясын өткізу мерзімі отыз тәуліктен аспауға тиіс.
Тармақ 8
8. Құндық тұрғыдан зиянның мөлшерiн айқындау кезiнде мынадай көрсеткіштер ескерiледi:
Тармақша 1
1) өндiрiлмей қалған өнiмнiң құны;
Тармақша 2
2) тiкелей материалдық зиян;
Тармақша 3
3) келтiрiлген зиянның салдарларын жоюға кеткен шығындар;
Тармақша 4
4) ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар (бұдан әрi – ҒЗТКЖ) құны;
Тармақша 5
5) ҒЗТКЖ нәтижелерiн енгiзбеудiң керi әсерi;
Тармақша 6
6) өндiрiстiк технологиялар құны және оларды ел экономикасының салаларында қолданған жағдайдағы экономикалық нәтиже;
Тармақша 7
7) сыртқы нарықта Қазақстан Республикасының бұйымдарын сатқандағы ықтимал баға мен көлем;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының орындалмаған мемлекеттiк мiндеттерiн өтеу үшiн тауарлар, өнiм мен шикiзат бағаларының көтерiлуiне және (немесе) сатып алу көлемінің артуына байланысты қосымша шығындар;
Тармақша 9
9) тауарларды, өнiмдi және өндiрiстiк жабдықтарды шетелден сатып алу мүмкiн болмаған жағдайда олардың өндірісін ұйымдастыруға кететiн шығындар;
Тармақша 10
10) шет мемлекеттермен ғылыми-техникалық ынтымақтастық тоқтатылған жағдайда ҒЗТКЖ-ға кететiн шығындар;
Тармақша 11
11) ықтимал зиянды сипаттайтын өзге де көрсеткiштер;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен ұйымдарының арнайы танымдары бар өкілдерін тарту кезiндегі зиянның мөлшерiн айқындауға байланысты шығындардың құны.
Тармақ 9
9. Зиянның мөлшері айқындалғанға дейін мемлекеттік құпия болып табылатын жария етілген немесе жоғалған мәліметтердің құпиялылық дәрежесі белгіленеді.
Егер соттың немесе қылмыстық қудалау органдарының қаулысында (тапсырмасында) өзгеше көрсетілмесе, құндық тұрғыдан зиянның мөлшерiн айқындау материалдар мемлекеттік органға және ұйымға ТЖК немесе сараптау комиссиясының қарауына келіп түскен сәтте белгіленген жұмыстардың (тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің) құнын есептеу үшін қажет бағаларда және айлық есептік көрсеткіште жүргізіледі.
Тармақ 10
10. Зиянның мөлшерiн айқындау әдiстемесi болмаған немесе зиянның нақты мөлшерiн айқындау мүмкiн болмаған жағдайда зиян мөлшерi мынадай көрсеткiштерге сүйене отырып айқындалады:
Тармақша 1
1) «Аса маңызды» деген құпиялылық белгiсi бар мәлiметтер жоғалған немесе жария етілген жағдайда – 20000 айлық есептiк көрсеткіштен жоғары;
Тармақша 2
2) «Өте құпия» деген құпиялылық белгiсi бар мәлiметтер жоғалған немесе жария етілген жағдайда – 1000-нан 20000 айлық есептік көрсеткішке дейiн;
Тармақша 3
3) «Құпия» деген құпиялылық белгiсi бар мәлiметтер жоғалған немесе жария етілген жағдайда – 100-ден 1000 айлық есептiк көрсеткішке дейiн.
Бір данада дайындалған немесе болған құпия құжаттар жоғалған жағдайда зиян мөлшерінің ең төменгі көрсеткіштері қолданылады («Құпия» – 100 айлық есептiк көрсеткіш, «Өте құпия» – 1000 айлық есептiк көрсеткіш, «Аса маңызды» – 20000 айлық есептiк көрсеткіш).
Тармақ 11
11. ТЖК-ның немесе зиянның мөлшерiн айқындау жөнiндегi сараптау комиссиясы жұмысының нәтижелерi қорытындымен ресімделеді, онда мыналар көрсетiледi:
қорытындының шығарылған жерi және уақыты;
комиссия құрамы;
зиянның мөлшерiн айқындауға негiз;
жоғалған немесе жария етілген мемлекеттiк құпия болып табылатын мәлiметтердiң мазмұны және құпиялылық дәрежесi;
зиянның мөлшерiн айқындау кезінде ескерілген көрсеткiштер (оның iшiнде құндық тұрғыдан да);
келтiрiлген (келтiрiлуi мүмкiн) зиянның түпкi мөлшерi;
зиянның мөлшерiн айқындауға қатысы бар өзге де мәселелер.
Егер ТЖК жария етілген немесе жоғалған мәліметтерде, сондай-ақ олардың жеткізгіштерінде мемлекеттік құпиялардың жоқтығы туралы қорытынды шығарса, онда зиянның мөлшерi көрсетілмейді.
Қорытындыға ТЖК-ның немесе сараптау комиссиясының төрағасы, ол болмаған кезде төрағасының орынбасары, мүшелерi мен хатшысы қол қояды және комиссияны құрған мемлекеттiк органның немесе ұйымның басшысы немесе ол өкілеттік берген адам бекiтедi.
Егер мемлекеттік органның немесе ұйымның басшысына Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялары болып табылатын мәліметтерге билік ету жөнінде тиісті өкілеттік берілмесе, қорытынды қол қояр алдында басшыларына тиісті өкілеттік берілген мемлекеттік органдармен келісіледі.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік орган немесе ұйым басшысы ТЖК-ның немесе сараптау комиссиясының зиян мөлшерi туралы қорытындысын қызметтiк тергеп-тексеру материалдарының көшiрмелерiмен қоса тиiстi шешiм қабылдау үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарына жолдайды.
Қорытындының бір данасы, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеру материалдары ұйымның мемлекеттiк құпияларды қорғау бөлімшесінде сақталады.
Егер материалдар зиянның мөлшерiн айқындау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде келіп түссе, онда оның нәтижелері оны тағайындаған органға жолданады.
Тармақ 13
13. Мәлiметтер көздерiнің иелерiне оларды құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерi 7 және 12-тармақтарының ережелерiн қоспағанда, осы Қағидаларда белгiленген тәртiппен айқындалады.
Тармақ 14
14. Мәлiметтер көздерінің иесi өзіне мәлiметтердi құпияландыру нәтижесiнде келтiрiлетiн зиянның мөлшерiн айқындау туралы мәселенi қараған кезде ТЖК-ның немесе сараптау комиссиясының отырыстарына қатысуға құқылы.
Мәлiметтер көздерінің иесi ТЖК-ның немесе сараптау комиссиясының қарауына зиян мөлшеріне өз есеп-қисаптарын не тәуелсiз сарапшыларды тарта отырып алынған есеп-қисаптарды беруге және ТЖК-ның немесе сараптау комиссиясының материалдарымен және қорытындысымен қол қоя отырып танысуға құқылы.
_____________________