О внесении изменений и дополнений в решение от 17 сентября 2004 года № 107 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)» Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.10.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабы 2-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (мемлекеттік тіркеу күні 2004 жылғы 1 қазан, мемлекеттік тіркеу нөмірі 3172, 2004 жылғы 13 қазандағы № 82 «Авангард» газетінде жарияланған, бұрын «Тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 мәслихат шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 187 шешімімен толықтыру енгізілген, мемлекеттік тіркеу күні 2005 жылғы 23 маусым, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-10, 2005 жылғы 6 шілдедегі № 50 «Авангард» газетінде жарияланған): көрсетілген шешімімен бекітілген, тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелеріндегі: 20-тармақ алынып тасталсын; 22-тармақтағы: «еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы» деген сөз «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын; 6) тармақшадағы «отбасы құрамы туралы анықтама» деген сөз «азаматтарды тіркеу кітабынан көшірме» деген сөздермен ауыстырылсын; «қызмет көрсетуші және төлқұжат столы» сөздер жойылсын; 23 тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «Тұрғын үй көмегін тағайындау мен төлеуді жүзеге асыратын Уәкілетті орган «Жітіқара ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - Уәкілетті орган) болып белгіленсін. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер тұлғалардың (отбасыларының) жиынтық табысы Уәкілетті органмен анықталады»; 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34-тармақтары төмендегідей мазмұнмен толықтырылсын: «24. Отбасының жиынтық табысын анықтау кезінде: 1) барлық түрдегі жалақылар, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес, негізгі жұмыс орыны, сол секілді қосымша жұмыстарда жұмыс істеген уақыты үшін қызметкерлерге төленетін ақшалай сомаларды қоса алғанда, ақшалай және заттай түрдегі сыйлық, қосымша төлем, қосымша ақы және әлеуметтік жеңілдіктер; 2) ақылы қоғамдық жұмыстар; 3) балалардың тууына және жерлеуге төленетін жәрдемақылардан басқа, кәсіпорындар (ұйымдар) есебінен төлеуі және жалақы есептеуі кезінде есепке алынбайтын басқа да төлемдер. 25. Сол қызметкерге берілуге тиісті жалақысы аударылғаны және тиісті сомасы ұсталғаны міндетті түрде көрсетіліп есептелген жалақы туралы анықтама жиынтық табысты анықтау негізі болып табылады. 26. Тұлғалардың, жекелеген азаматтардың жұмыспен айналысуы кезіндегі табысы жалдаушының анықтамасымен немесе келісім көшірмесімен расталады. Жекелеген азаматтардың шарт жасаспай және өз бетінше жұмыс істеген кездегі жиынтық табысы жазбаша өтінішпен расталады. 27. Жиынтық табысты анықтау кезінде, белгіленген заңмен және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерімен белгіленгендей тәртіптегі зейнетақы, стипендия, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлем түрлері есепке алынады: 1) жасы мен асыраушысынан айырылуы, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар; 2) арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар; 3) төлем көздеріне қарамастан оқу орындарының студенттеріне, оқушыларына төленетін стипендиялар; 4) уақытша жұмысқа жарамсыздық жәрдемақылар (оның ішінде бала күтемі бойынша); 5) екі қабаттығы және босануы бойынша жәрдемақылар; 6) тұрмысы төмен азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы, бір жасқа жеткенше бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы; 7) тұрмысы төмен азаматтарға біржолғы төлем және материалдық көмек. 28. Алименттер отбасының жиынтық табысына кіреді, ал, отбасы мүшелеріне төленетін алименттер отбасының жиынтық табысынан алынып тасталады. Тиісті болып және соған есептелген алименттер уақыты бойынша отбасының жиынтық табысы болып есептеледі. Алимент төлеуші жалақысын қайта есептеуге байланысты алынған қосымша алимент сомалары қарыз болып табылмайды және отбасы жиынтық табысының уақыт бойынша алынған болып есептелінеді. Балаларға және басқа да асырауындағыларға алынатын алименттер, алименттерді аудару туралы ұйымдардың анықтамаларымен немесе алименттің алынғаны туралы поштаның ақша жіберу квитанциялары, сондай-ақ, алименттерді төлеттіріп алу туралы сот шешімінің қосымшасымен жазбаша өтініш негізінде расталады. 3 айдан артық уақытқа алименттер қарызы құралған кезде, алимент бойынша қарызды анықтау туралы сот орындаушысының қаулысы беріледі. Неке бұзылған жағдайда жауап берушінің Қазақстан Республикасынан тысқары болуы себепті алиментті іздестіргенде болмау фактісін растайтындай құқық қорғау органдарынан, сот орындаушыларынан анықтама алынады. Егер ата-анасының арасында неке бұзылмай жұбайлардың біреуінен алимент өндіріп алынса, осы жұбайы отбасымен бірге тұрған кезде оның табысы жиынтық табыста толық есепке алынады. Жұбайлар бөлек тұрған жағдайда, отбасының жиынтық табысында алимент есепке алынады. 29. Отбасының жиынтық табысына біржолғы төлемдер және өндірістік жарақаттанушылық салдарынан жұмыс қабілетін жоғалтуға байланысты, заңмен белгіленгендей мөлшердегі жұмыс беруші жүзеге асыратын бір жолғы төлемдер және басқа да шығындар кіреді. 30. Жиынтық табыс ішіне кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар да кіреді. Ресми расталмаған табыстар әр қызметкерге ең төменгі жалақыдан аз емес мөлшерде есептелінеді. Отбасының жиынтық табысына, егер жалға беруші пәтер жалдаушыны есепке ала отырып, барлық коммуналдық қызметтерді төлесе, жалға берген тұрғын үй бөлігінен алынған табыс та кіреді. 31. Жиынтық табыс ішіне заттай және ақшалай ұтыс та кіреді. 32. Отбасының жиынтық табысына өткен тоқсанда тұрғын үй тағайындауға өтініш жасаған тоқсандағы отбасының барлық мүшесінің табыстары кіреді. Тоқсан ішіндегі отбасының орташа айлық жиынтық табысы осы уақыттағы отбасының жиынтық табысын 3 айға бөлу жолымен есептелінеді. Егер отбасының табысты анықтайтын бір мүшесі тоқсаннан кем жұмыс істесе, оның жалақысы сол тоқсан ішіндегі айға есептеледі, ал, оның орташа айлык табысы, жалпы жалақыны, басқа да табыстарды 3 айға бөлу жолымен расталады. Жұмыспен қамту қызметіне жұмыссыз есебінде алғаш рет тіркелген азаматтар үшін, ол болмаған жағдайда өткен тоқсан үшін табыс көзін анықтау талап етілмейді. Табыстың болмауы, соңғы жұмыс орынынан босануы туралы еңбек кітапшасының көшірмесімен анықталады. 33. Отбасының жиынтық табысын анықтау үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі; 2) жалақы, зейнетақы, жәрдемақы, атаулы көмек туралы анықтама; 3) халықты жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі Уәкілетті органның анықтамасы (жұмыссыздар үшін); 4) алименттердің мөлшері туралы анықтама, ол, болмаған жағдайда-сот орындаушысының анықтамасы; 5) 16 жастан асқандар үшін оқу орынынан анықтама (алатын стипендия мөлшері немесе оның алмайтындығы көрсетіледі). 34. Өтініш берушілер белгіленген тәртіптегі табысы туралы берген мәліметтердің сенімділігі үшін жауап береді».
Тармақ 2
2. «Аудан бюджеті қаржысының есебінен тұрғын үй көмегін алуға үміткер азаматтардың (отбасыларының) жиынтық табысын есептеу Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылғы 7 қазандағы № 170 шешімінің күші жойылды деп есептелінсін (мемлекеттік тіркеу күні 2002 жылғы 24 казан, мемлекеттік тіркеу нөмірі 1835, 2002 жылғы 27 қарашадағы № 94 «Авангард» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Шешім қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қолданысқа енгізіледі.