О внесении изменения и дополнений в решение от 17 сентября 2004 года № 107 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Жітіқара ауданы әкімдігінің қаулысын қарастырып, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97 бабы 2 тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізілсін (мемлекеттік тіркеу нөмірі 3172, 2004 жылғы 13 қазанында «Авангард» газетінде жарияланған, бұрын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген: «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 мәслихат шешіміне толықтыру енгізу туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы № 187 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-10, 2005 жылғы 6 шілдесінде № 50 «Авангард» газетінде жарияланған; «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерін бекіту шалы» 2004 жылғы 17 қыркүйектегі № 107 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2006 жылғы 23 қазандағы № 371 шешімімен, мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-10-53, 2006 жылғы 10 қарашасында № 10 «Житикаринские новости» газетінде жарияланған): көрсетілген шешімімен бекітілген, «Тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Ережесіндегі»: 2 тармақтағы «25» цифры «20» цифрына ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 33-1 тармағымен толықтырылсын: «33-1. Тұрғын үй көмегін есептеуде отбасының (азаматтардың) жиынтық табысына қосалқы шаруашылықтан және бақша учаскелерінен алынған табыстары есепке алынбайды».
Тармақ 2
2. Осы шешім бірінші ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік ен соң қолданысқа енгізіледі.