О внесении изменения и дополнения в постановление акимата области от 17 мая 2004 года № 149/5 "Об утверждении перечня местных инвестиционных проектов для финансирования разработки и проведения экспертиз технико-экономических обоснований, проектной документации" (зарегистрированное в департаменте юстиции за № 2505 от 24 мая 2004 года) Күшін жойған
Басқа 0
Облыс әкімдігінің 2004 жылғы 17 мамырдағы "Техникалық-экономикалық негіздемелерді; жобалау құжаттамаларын әзірлеуді және сараптап жүргізуді қаржыландыру үшін жерілікті инвестициялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" № 149/5 қаулысына (2004 жылғы 24 мамырда әділет департаментінде № 2505 болып тіркелген) өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Жергiлiктi инвестициялық жобаларды iске асыруға бөлiнген бюджет қаражатын тиiмдi пайдалану мақсатында облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Звезда Прииртышья" газетiнiң 2004 жылғы 6 маусымдағы 78 нөмiрiнде жарияланған облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 мамырдағы "Техникалық-экономикалық негiздемелердi, жобалау құжаттамаларын әзiрлеудi және сараптау жүргiзудi қаржыландыру үшiн жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесiн бекiту туралы" № 149/5 қаулысына (2004 жылғы 24 мамырдағы МТН 2505) мынадай өзгерiс мен толықтыру енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған қаулымен бекiтiлген техникалық-экономикалық негiздемелердi, жобалау құжаттамаларын әзiрлеудi және сараптау жүргiзудi қаржыландыру үшiн жергiлiктi инвестициялық жобалардың тiзбесi осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-тармақта "бiлiм беру" деген сөздерден кейiн "және денсаулық сақтау" деген сөздермен толықтырылсын.
Басқа 1. Техникалық-экономикалық негiздемелердi, жобалау құжаттамаларын әзiрлеудi және сараптау жүргiзудi
қаржыландыру үшiн жергiлiктi инвестициялық жобалардың
тiзбесi
Облыс әкiмдiгiнiң
2004 жылғы 26 тамыздағы
"Облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы
17 мамырдағы "Техникалық-
экономикалық негiздемелердi,
жобалау құжаттамаларын
әзiрлеудi және сараптау жүргiзудi
қаржыландыру үшiн жергiлiктi
инвестициялық жобалардың
тiзбесiн бекiту туралы № 149/5
қаулысына (2004 жылғы 24 мамырда
әдiлет департаментiнде № 2505 болып
тiркелген) өзгерiс пен толықтыру енгiзу
туралы" № 214/7 қаулысына
қосымша
Техникалық-экономикалық негiздемелердi, жобалау құжаттамаларын әзiрлеудi және сараптау жүргiзудi
қаржыландыру үшiн жергiлiктi инвестициялық жобалардың
тiзбесi
N р/с
Жобаның атауы
Техникалық-
экономикалық
негiздемелердi
әзiрлеудi және
сараптау
жүргiзудi
қаржыландыру
көлемi
(мың теңге)
1
2
3
Облыс бiлiм департаментi
1
Лебяжi ауданы Ямышев ауылындағы 260
орындық мектептiң құрылысын салу
3783,0
2
Шiдертi кентiндегi (Екiбастұз
қаласының ауылдық аймағы) 600
орындық мектептiң құрылысын салу
11697,0
3
Май ауданы Көктөбе ауылындағы
мемлекеттiк тiлде оқытатын 350
орындық мектептiң құрылысын салу
5197,0
4
Павлодар қаласындағы мемлекеттiк
тiлде оқытатын 1078 орындық
мектептiң құрылысын салу
1614,0
5
Павлодар қаласындағы N 3
мектеп-гимназиясына 420 орындық
жапсаржай құрылысын салу
6297,0
6
Лебяжi ауданы Жабағылы ауылында 80
орындық мектептiң құрылысын салу
1500,0
Облыс денсаулық сақтау департаментi
7
Павлодар қаласында 210 төсектiк
туберкулезге қарсы диспансердiң
құрылысын салу
11097,0
8
Баянауыл ауданы Октябрь ауылындағы
фельдшерлiк пункт ғимаратының
құрылысын салу
100,0
9
Кенжекөл ауылында (Павлодар
қаласының ауылдық аймағы) ауылдық
дәрiгерлiк емхананың құрылысын салу
1000,0
10
Качиры ауданы қашыр ауылындағы 35
төсектiк туберкулезге қарсы
аурухананың (екiншi кезеңiн аяқтау)
құрылысын салу
2900,0
11
Облыстық онкологиялық диспансерге
сәулелi терапия бөлiмiнiң жапсаржай
құрылысын салу
1500,0
Жиыны
46685,0