О внесении дополнений в решение акима города Аксу от 17 августа 2004 года № 24 "О поощрениях акима города Аксу" Қолданыста

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы әкімінің 2004 жылғы 17 тамыздағы "Ақсу қаласы әкімінің мадақтаулары туралы" № 24 шешіміне толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақсу қаласының 45 жылдығын өткізуге байланысты және қаланы дамытуға (қала алдындағы сіңірген еңбегі үшін) белгілі үлес қосқан азаматтарды көтермелеу мақсатында, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Ақсу қаласы әкімінің 2004 жылғы 17 тамыздағы "Ақсу қаласы әкімінің мадактаулары туралы" № 24 шешіміне (Павлодар облысының әділет департаментінде 2004 жылғы 3 қыркүйекте № 2696 тіркелген, "Ақжол- Новый путь" қалалық газетінде 2004 жылғы 16 қыркүйекте № 38 жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін: қала әкімінің көрсетілген шешімінің 1-тармағы келесі мазмүндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) Ақсу қаласының 45 жылдығы қүрметіне арналған естелік омырау белгісі"; қала әкімінің корсетілген шешімімен бекітілген қала әкімінің мадақтаулар ережесі: келесі мазмұндағы 3-1 тармағымен толықтырылсын: "3-1. 1961 - 2006 жылдар ішінде қаланы дамытуға белгілІ үлес қосқан жекелеген азаматтарға Ақсу қаласының 45 жылдығы қүрметіне естелік омырау Белгісі және оның наградтау парағы табыс етіледі және осы ереженің қосымшасына сәйкес нысанда ресімделеді"; қала әкімінің осы шешімінің қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен толықтыры лсын.
Тармақ 2
2."Ақсу қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі естелік омырау Белгісін және оның наградтау парағын белгіленген тәртіпте дайындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қала әкімінің осы шешімінің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.О. Есенгуловаға және қала әкімі аппаратының басшысы И.В. Кудашкинаға жүктелсін.
Басқа 4. Ақсу қаласының 45 жылдыгы қүрметіне "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" естелік омырау Белгісінің сипаттамасы
"Ақсу қаласы әкімінің 2004 жылғы 17 тамыздағы " Ақсу қаласы әкімінің мадақтауларытуралы" № 24 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" Ақсу қаласы әкімінің 2006 жылғы 11 шілдедегі № 7 шешіміне қосымша Ақсу қаласы әкімінің 2004 жьшғы 17 тамыздағы "Ақсу қаласы әкімінің мадақтаулары туралы" № 24 шешімімен бекітілген қала әкімінің мадақтаулар ережелеріне 2-қосымша Ақсу қаласының 45 жылдыгы қүрметіне "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" естелік омырау Белгісінің сипаттамасы Ақсу қаласының 45 жылдығы құрметіне "Қалаға сіңірген еңбегі үшін" естелік омырау белгісі жезден жасалады және диаметрі 30 миллиметр мен қалыңдығы 2 миллиметр шеңберден тұрады. Белгінің бет жағында (аверс) - ортасында Ақсу қаласының эмблемасы: Жиегі бар дөңгелек шығыс қалқанда, негізгі жолда толқын іспетті етекпен бөлінген төмендетілген белдік. Барлығының үстінен скифті-сарматтық стилге келтірілген бүркіт, қанатын түзетіп, солға қарап бұрылған, шеткі жиекке шығып түрған сары металлургиялық шөміште найзағайды үстап, қонжиып отыр. Жиекте жеті сопақша ақша тиындары симметриялы орналасқан, төменде араб шегіршін жазуына келтірілген әріптермеп қаланың аты - "АҚСУ" жазылған. Эблемадан жоғары шеңбер бойынша "ҚАЛАҒА СІНІРГЕН ЕҢБЕГІ ҮШІН" деген жазу, төменде -шеңбер бойынша қазақ оюы келтірілген. Нышанның бедері жыллтырлау; әріптер, ою және нышаннын етегі тереңдетіп жылтыратылған. Белгінің екінші жағында (реверсте) Тәуелсіздік стелласы қазақ оюы негізінде суреттелген, одан жоғары "Ақсу" деген жазу, екі бүйірінде "1961" және "2006", тиісінше оң мен сол жағында. Стелла тіректерінің арасында екі жолға "45 жыл" деген лсазу орналасқан. Негізгі жиегі жылтырлау, әріптер және стелла рельефі жылтырлатылған, оюы тереңдетіліп жылтырлатылған. Белгінің қыры тегіс. Белгі құлақша мен сақинаның көмегімен ені 24 миллиметр және биіктігі 15 миллиметр темір (жез) қалыпқа, жібек муарлы қою көк түсті лентамен тартылған. Наградтау парағының нысаны Ақсу қаласының 45 жылдығы құрметіне қала алдындағы сіңірген еңбегі үшін _________________________________________________________________________________________ (наградталушының тегі, аты, әкесінің аты) наградталады. Ақсу қаласы " " 2006 жыл