О реализации постановления Правительства Республики Казахстан от 17 марта 2004 года № 322 "О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 июня 2001 года № 836" Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.04.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысын жүзеге асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 17 наурыздағы № 322 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібін іске асыру мақсатында Қостанай облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссия құрылсын (бұдан әрі - Комиссия).
Тармақ 2
2. Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беру жөніндегі комиссияның дербес құрамы белгіленген тәртіп бойынша Қостанай облыстық мәслихаттың сессиясының бекітілуіне енгізілсін.
Тармақ 3
3. Қостанай облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті еңбек қызметін жүзеге асыру үшін орталық атқарушы орган бөлген квота шегінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар беруге, сондай-ақ аталған рұқсаттарды тоқтата тұруға және кері қайтаруға уәкілет етілсін.
Тармақ 4
4. Қостанай облысының еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментіне тапсырылсын берілсін (О.А. Киколенко):
Тармақша 1
1) Комиссия туралы Ережені белгіленген тәртіп бойынша әзірлесін және бекітсін;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен үлгі бойынша рұқсат бланкілерін жасасын.
Тармақ 5
5. Қаулының орындалуына бақылау жасау Қостанай облысы әкімінің орынбасары Б.Б. Баймағамбетоваға жүктелсін.